«Талап» стипендиясы

Назарбаев Университеті қызметкерлерінің жəне оқытушыларының кəсіби дамуын арттыру мақсатында 2012 жылдан бастап «Талап» стипендиясы енгізілді. Бұл стипендия университет пен оның ұйымдарының жас мамандарына магистратура, PhD докторантура және постдокторлық зерттеулер бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқып болғаннан кейін барлық стипендиаттар Назарбаев Университетінің қауымдастығына оралып, алған білімдері мен дағдыларын, соның ішінде профессор-оқытушылар құрамының қатарын толықтыра отырып қолданады.

Стипендия алуға кім үміткер бола алады?

Назарбаев Университеті немесе оның ұйымдарында екі жылдан астам еңбек өтілі бар, Назарбаев Университетінің немесе оның ұйымдарының басым қызмет түрлеріне байланысты бағдарлама бойынша шетелдік жоғары оқу орнына өз бетімен түскен қызметкерлер.

Біз не ұсынамыз?

Қор Назарбаев Университетінің қызметкерлеріне жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып, əрі қарай Назарбаев Университеті мен оның ұйымдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сандар сөйлейді:

2012-2020 жж. «Талап» стипендия иегерлерінің жалпы саны: 61 адам.

53адам
Бағдарлама түлектері
22адам
PhD докторлары (олардың 7 білімін жалғастыруда)
20адам
Магистранттар (қазіргі студенттер 1)
18адам
Ғылыми тағылымдамадан өткендер
8адам
Бағдарламаның қазіргі студенттері

X
05-05-2021
Әлеуметтік бизнес туралы көбірек білгіңіз келе ме? Ол не? Қалай бастауға болады? Әлеуметтік кәсіпкер қандай үлес қосады? Жауабын табу үшін SDF Impact ...
28-04-2021
Қатысу. Өнім жасаңыз. Кәсіпкер бол. 7-9 мамыр. Жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды.
21-04-2021
Біз сіздерді SDF Impact Day шеңберіндегі әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларына арнауды жалғастырамыз. Бұл жолы біз бұл тақырыпты экологиялық білім тарапын...