Previous slide
Next slide

NU Impact Foundation

Біздің миссиямыз – білім, бастама және инновациялар арқылы айналасындағы әлемді өзгерте алатын таланттарды қолдау.

NU Impact Foundation - бір-бірін күшейтетін компаниялар мен құрылымдарды біріктіретін тұтас экожүйе. Олар бірге ғылым, инновациялар, креативті индустриялар және тұрақты даму үшін орта құрады.

Жобалар

Біз білім, бастама және инновациялар арқылы қоғамда оң өзгерістер жасай алатын таланттарды қолдаймыз.

Стартаптарды дамытуға, технологиялар трансферіне және индустриямен ынтымақтастыққа арналған инновациялық парк пен алаң.

Ұлттық технологиялық және инновациялық экожүйені дамытуға арналған коммерциялық емес қор, соның ішінде ABC, НУ және НИШ бастамаларын қолдау арқылы.

Алматыдағы инкубациялық және акселерациялық бағдарламалар, JAS Academy білім беру тректері.

Инвестициялық қорларды басқаруға лицензиясы бар басқарушы компания; стартаптардың венчурлік капиталға қол жеткізу инфрақұрылымын дамытады.

Жылжымайтын мүлікті пайдалану және техникалық қызмет көрсету, кампустың инфрақұрылымы мен коммерциялық әлеуетін дамыту.

Ғылым, өнер және технология тоғысындағы кеңістік, онда креативті жобалар дүниеге келеді.

Біз туралы

NU Impact Foundation - бұл мүмкіндіктер, сенім және әсер институты, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін ресурстарды, білімді және адамдарды біріктіретін ұйым. Стратегия Университеттің академиялық және ғылыми көшбасшылықтың флагманы болу, инновациялардың қайнары және адами капиталды дамытуға арналған платформа болу сияқты миссиясын үйлесімді қолдайды. Білім беруді, инклюзияны, денсаулық сақтау саласын, тұрақты инфрақұрылымды және серіктестіктерді қолдау арқылы біз сапалы білімнен бастап теңсіздікті азайтуға және инклюзивті қоғамдастықтарды дамытуға дейін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына өз үлесімізді қосамыз.

2012 жылдан бастап NU Impact Foundation жастардың сапалы білім алуына ықпал ететін қолайлы ортаны қалыптастыру, қызметкерлердің академиялық жəне ғылыми қызметін дамыту, сондай-ақ Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектерінің арасында әлеуметтік, ғылыми бастамашылдықты қалыптастыру бойынша бірқатар бағдарламаларды сәтті жүзеге асырды.

Біздің

Демеушілер