26.11.2019
Alumni қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Əділ Құсманов білім министрімен кездесті
26 қарашада Назарбаев Университетінде Білім және ғылым министрінің оқу орнының студенттерімен жəне түлектерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Асхат Аймағамбетов өзінің саясаттағы жолы туралы əңгімелеп, жеке басының жетістіктерімен жəне сəтсіздіктерімен бөлісті.
Жастар өздерін толғандырып жүрген «Болашақ» бағдарламасына енгізілген өзгерістер, ҰБТ-ның əрі қарайғы дамуы, жоғары оқу орындарының коммерциялық емес акционерлік қоғам ретіндегі жаңа мəртебесінің қиындығы мен болашағы, онлайн білім беруді дамытудың перспективалары, ғылыми жобаларды қаржыландыру, т. б. көптеген сауалдарға жауап алды.

Конструктивті сұхбат барысында студенттер мен түлектер жас маман ретіндегі өз идеялары мен ойларын ортаға салды. Министр барлық сөйлеушілерді ықыластана тыңдап, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

Шара Әлеуметтік даму қорының демеушілік көмегінің аясында «NU Alumni» ҚБ-нің бастамасымен ұйымдастырылды.
10-02-2021
Жоғары оқу орнынан кейін білім алу мүмкіндігін Назарбаев Университеті мен оның ұйымдарының қызметкерлері зор ықыласпен пайдаланады. Қазіргі таңда 60-т...
08-02-2021
Озық білімді жəне оқыту техникасын жетік меңгерген, практикалық зерттеу тəжірибесі мол жəне студенттердің білімге деген құштарлығын оята алатын мықты ...
05-02-2021
Циркулярлы ара, автокөлік тұншықтырғышы, қысқа толқынды пеш – осы өнертабыстардың барлығын да əйелдер ойлап тапқан. Бұл мысалдар нəзік жыныстылардың д...