NU Times Higher Education World University Rankings 2027 рейтингінде екінші жыл қатарынан 100 позицияға көтеріліп, әлемнің жетекші университеттері арасында 376–400 орындар тобына енді.
Екі жыл ішінде NU өз позициясын 200 орынға жақсартып, рейтингке енген әлем университеттерінің үздік 17,4%-ының қатарына кірді. Сонымен қатар университет ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында 1-орынға көтерілді. Бір жыл бұрын NU бұл көрсеткіш бойынша төртінші орында болған еді.
Биыл NU рейтингтің төрт негізгі бағыты бойынша көрсеткіштерін жақсартты: зерттеу сапасы, оқыту, зерттеу ортасы және индустриямен өзара байланыс.
Ең жоғары нәтижелердің бірі зерттеу сапасы (Research Quality) көрсеткіші бойынша байқалды — NU 84,1 балл жинады. Бұл көрсеткіш бойынша NU нәтижесі University of Geneva, University of Arizona және University of Rochester сияқты университеттердің нәтижелерімен салыстыруға келеді.
Биылғы рейтингке 118 ел мен аумақтан 2 297 университет енді. Олардың қатарында Қазақстанның 10 университеті бар.
NU-дың бұл жетістігінің артында бүкіл университет қауымдастығының — оқытушылар мен зерттеушілердің, студенттердің, қызметкерлер мен түлектердің — еңбегі тұр. Олардың білімі, зерттеулері, идеялары мен бастамалары университеттік ортаның қалыптасуы мен дамуына үлес қосып келеді.
NU Impact Foundation да осы қауымдастықтың бір бөлігі ретінде кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік инновациялар және мәдениет салаларындағы таланттар мен бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді.
Біз Nazarbayev University-ді, оның оқытушылары мен зерттеушілерін, студенттерін, қызметкерлері мен түлектерін жаңа халықаралық жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Университетке одан әрі даму, жаңа ашылымдар мен жобалар және келесі буын таланттары үшін жаңа мүмкіндіктер тілейміз.


