Талап стипендиясы

Конкурс

Талап 2022

Сипаттамасы

Философия ғылымдарының докторы (PhD), білім докторы (EdD), білім беру жөніндегі жетекші доктор (Executive EdD), Іскерлік басқару докторы (DBA) докторантурасына «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының «Талап» стипендиясына конкурс жарияланады шетелде (бұдан әрі – Конкурс).

«Талап» стипендиясының (бұдан әрі – Стипендия) мақсаты «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының (бұдан әрі – Қор) күндізгі және модульдік оқытудың магистрлік немесе докторлық дәрежесін алуды немесе ғылыми-зерттеу мен кәсіби тағылымдамадан өтуді көздейтін бағдарламалар бойынша оқытуды ұйымдастыруға, қаржыландыруға жәрдемдесуі арқылы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды нысаналы түрде даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.

Басымдықтар

Стипендияны тағайындау кезінде келесі бағыттар бойынша конкурсқа қатысушыларға басымдық беріледі:

  • Physics and Space Exploration;
  • Oil, Mining, Geosciences and Resource Management;
  • Advanced Materials, Energy Systems, and Sustainable Development;
  • Robotics and Intelligent Systems;
  • Computer Engineering and Data Sciences;
  • Construction, Infrastructure, Transport Systems and SMART Cities;
  • Biomedicine, Neurosciences, and Clinical Sciences;
  • Anthropology, Sociology and History;
  • Eurasian Studies;
  • Education;
  • Finance, Markets and Governance;
  • Innovation and Entrepreneurship,

халықаралық академиялық рейтингтерге (QS World University Ranking, Times HigherEducation, Academic Ranking of World Universities және т.б.) халықаралық академиялық рейтингтерге (QS World University Ranking, Times HigherEducation, Academic Ranking of the World Universities және т.б.) кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарынан шақыруы бар.

Қатысуға қойылатын талаптар

Конкурсқа қатысушы бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – Университет) немесе Университет ұйымдарының қызметкері болуы;
  2. Қазақстан Республикасының азаматы болуы немесе кандас мәртебесіне ие болуы;
  3. Шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі және модульдік оқытудың докторлық дәрежесін алуды көздейтін бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша оқу үшін өтінім берген күні Университеттегі және (немесе) Университеттің ұйымдарындағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл болуы тиіс. Қордың Қамқоршылық кеңесі Төрағасының немесе Қордың Басқарма Төрағасының ұсынымы бойынша Бағдарлама бойынша оқуға өтінім берушілер ерекше жағдайларда Университеттегі немесе Университеттің ұйымдарындағы жұмыс өтілі ескерілмей конкурсқа жіберілуі мүмкін;
  4. Бағдарлама бойынша, Университеттің немесе Университет ұйымдарының қызметіне байланысты мамандық бойынша оқуы;
  5. Жеке оқу жоспарын көрсете отырып, Бағдарлама бойынша академиялық оқуға қабылдануы;
  6. ЖОО ұсынған Бағдарламаның өзектілігін, шетелдік ұйымда тағылымдамадан өтуін міндетті түрде растай отырып немесе өтінім берушінің қызметіне біліктілікті арттырудың халықаралық сертификаттау бағдарламасының сәйкестігін міндетті түрде растай отырып, Университеттің немесе Университет ұйымдарының жетекшілік ететін және (немесе) тікелей басшысынан ұсыным алуы;
  7. Супервайзердің PhD Бағдарламасы бойынша стипендия иегерімен өзара іс-қимыл жасауға дайындығы туралы жазбаша келісімінің болуы және «Талап» стипендиясы тағайындалған жағдайда Шарт жасасуы;
  8. Өтінім берушіні Бағдарлама бойынша оқуға жіберу туралы Университет немесе Университет ұйымдары басшысының жазбаша келісімі болуы тиіс.

Стипендия бойынша шығыстар

Стипендия мынадай шығыстарды қамтиды:

  1. Оқу құны;
  2. Бағдарлама бойынша оқу кезеңінде тамақтануды, тұруды, оқу әдебиетін сатып алуды қамтамасыз етуге арналған ақшалай қаражат (елдер бөлінісінде стипендия мөлшерін айқындауға арналған шығыстар нормасына сәйкес (қосымшаны қараңыз);
  3. Визаны ресімдеу (консулдық алым) немесе визаны ұзарту;
  4. Бағдарлама бойынша оқудан өту кезінде төленуге жататын оқыту елінің міндетті алымдары, Стипендия иегерін медициналық сақтандыру, көліктік шығыстар және Бағдарлама бойынша жеке оқу жоспарына байланысты конференцияларға қатысу үшін тіркеу жарналары және өзге де шығыстар;
  5. Күндізгі оқу бағдарламалары үшін – академиялық жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан оқу орнына дейін және кері қарай 1 (бір) рет жол жүру; Модульдік оқыту бағдарламалары үшін – Бағдарлама бойынша оқуды сәтті аяқтағанға дейін келісілген жеке оқу жоспары немесе шартқа сәйкес академиялық күнтізбенің негізінде Нұр-Сұлтан қаласынан оқу орнына дейін жол жүру;
  6. Төтенше жағдайлар (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, тайфун, әскери операциялар) болған елде стипендия иегеріне эвакуациялауға немесе медициналық көмек көрсетуге байланысты шығыстар.

Іріктеу критерийлері

  • Конкурсқа қатысушының Университеттегі немесе Университеттің ұйымдарындағы жалпы жұмыс өтілі;

  • Университет немесе Университет ұйымдары қызметінің бағыты бойынша конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысы бар наградалар;

  • оқытуды қаржыландырудың қосымша түрінің болуы (шетелдік жоғары оқу орнының немесе шетелдік ұйымның толық немесе ішінара гранты).

Бұл ретте Конкурстық комиссия өтінімдерді қарауға қосымша критерийлерді бекіте алады.

Құжаттар пакеті

Құжаттардың толық пакеті бір PDF файлында түрлі-түсті форматта скандау қажет және ағылшын тілінде толтырылған келесіні құжаттар ұсынылуы тиіс:

  1. Сауалнама (қосымшаны қараңыз) және Өтінім берушінің түйіндемесі;
  2. Өтінім берушінің ЖОО-ға академиялық оқуға қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелері. Құжаттардың түпнұсқалары стипендия тағайындалғаннан кейін ұсынылады;
  3. Бағдарлама бойынша жеке оқу жоспары (елден алғашқы рет шыққандар үшін бірінші семестрді қоспағанда);
  4. Университеттің құрылымдық бөлімшесінің немесе Университет ұйымының жетекшілік ететін және (немесе) тікелей басшысы куәландырған ұсыным хат;
  5. Супервайзердің Өтінім берушімен PhD бағдарламасы бойынша өзара іс-қимыл жасауға дайындығы туралы жазбаша келісімі;
  6. Университет немесе Университет ұйымы басшысының Өтінім берушіні Бағдарлама бойынша оқуға жіберу туралы жазбаша келісімі;
  7. Жеке куәлік пен паспорттың көшірмесі;
  8. Қазақстанда немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бакалавриат/магистратура бағдарламасын аяқтағаны туралы ресми құжаттардың көшірмесі (шетелдік жоғары оқу орны берген диплом және транскрипт). Нотариалды куәландырылған көшірме стипендия тағайындалғаннан кейін ұсынылады;
  9. Ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелердің тізбесі (бар болса);
  10. Конкурс шығыстарының кестесін (қосымшаны қараңыз) Өтінім беруші елдер бөлінісінде стипендия мөлшерлерін айқындау үшін шығыстар нормасына сәйкес толтырады (қосымшаны қараңыз);
  11. Өтінім берушінің кәсіби қызметіне қатысы бар өзге де құжаттар (Өтінім берушінің қалауы бойынша).

Сауалнама және шығындар кестесі

Талап ережесі

Шығыстар нормалары

Құжаттардың толық пакетін «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының өкілі тексеруі мүмкін (1204В кабинеті, 1-блок), ал кандидат қол қойған құжатты https://fund.nu.edu.kz/talap-application/ веб-сайты арқылы 2022 жылғы 15 шілде сағат 16.00-ге дейін  ұсыну қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға: 8 (7172) 70 91 23  (Мадина Каримова) немесе sdftalap@nu.edu.kz электрондық пошта арқылы хабарласыңыз.

Толтыруға арналған сауалнама

*Сауалнама тек ағылшын тілінде қол жетімді

Сипаттамасы

Бағдарламасы
туралы

Назарбаев Университеті қызметкерлерінің жəне оқытушыларының кəсіби дамуын арттыру мақсатында 2012 жылдан бастап «Талап» стипендиясы енгізілді. Бұл стипендия университет пен оның ұйымдарының жас мамандарына магистратура, PhD докторантура және постдокторлық зерттеулер бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқып болғаннан кейін барлық стипендиаттар Назарбаев Университетінің қауымдастығына оралып, алған білімдері мен дағдыларын, соның ішінде профессор-оқытушылар құрамының қатарын толықтыра отырып қолданады.

Стипендия алуға кім үміткер бола алады?

Назарбаев Университеті немесе оның ұйымдарында екі жылдан астам еңбек өтілі бар, Назарбаев Университетінің немесе оның ұйымдарының басым қызмет түрлеріне байланысты бағдарлама бойынша шетелдік жоғары оқу орнына өз бетімен түскен қызметкерлер.

Біз не ұсынамыз?

Қор Назарбаев Университетінің қызметкерлеріне жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып, əрі қарай Назарбаев Университеті мен оның ұйымдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сипаттамасы

Сандар сөйлейді

2012-2022 жж. «Талап» стипендия иегерлерінің жалпы саны: 61 адам

0

PhD докторлары (олардың 3 білімін жалғастыруда)

0

Магистранттар

0

Ғылыми тағылымдамадан өткендер

0

Post Doc

Қосымша мәліметтер керек пе?

Бізге жазыңыз, біз сізге көмектесуге қуаныштымыз!