Медиа
Social Startup 2026
Стартапыңыз үшін 3 000 000 ₸ дейін алыңыз
Өтінімдерді қабылдау басталды!
Біз туралы
NU Impact Foundation экожүйесі
Аstana Вusiness Сampus (ABC)
Astana Business Campus — бизнес секторы мен Назарбаев Университетінің ғылыми қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған инновациялық кластер және заманауи ғылыми парк.
Ол жоғары технологиялық бизнес пен университеттердің зерттеу топтарына арналған, Қазақстан өңірлеріндегі зертханалар мен зерттеу топтарының желісінің бір бөлігі болып табылады.
Sustainable Innovation & Technology Foundation (SITF)
Қаржыландыру мүмкіндіктері мен құзыреттерді біріктіретін, тиімді құн қалыптастыру тізбектерін құруға, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық технологиялық және инновациялық экожүйенің әлеуетін толық іске асыруға және ел экономикасындағы құрылымдық өзгерістерге ықпал ететін топ.
JAS Ventures Almaty
Jas Ventures Almaty — Алматы қаласында стартаптарды қолдауға арналған инкубациялық және акселерациялық бағдарламалар, сондай-ақ JAS Academy аясындағы білім беру қызметі.
Jas Ventures LTD
JAS Ventures Limited — басқарушы компания, АХҚО-ның (CIS License) тиісті лицензиясына ие. Компания басқаруында келесі венчурлік қорлар бар: JAS Ventures Capital, AI DALA Fund I және JAS NU.TECH Fund I.
Terra Business Company
Назарбаев Университеті кампусында білім алу, зерттеу, инновация және студенттердің өмір сүруі үшін заманауи, тұрақты әрі жайлы орта құру.
Creative Art-Hub Өnergy
Өnergy — студенттерді, оқытушыларды, зерттеушілерді және шығармашылық индустрия өкілдерін біріктіретін креативті арт-хаб. Арт-хаб пәнаралық коллаборациялар форматында өнер, ғылым және технологиялар өзара әрекеттесетін тірі зертханаға айналып, шығармашылық әлеуетті тұрақты мәдени, әлеуметтік және экономикалық ресурсқа айналдыруға ықпал етеді.
Медиа