Social Startup 2026

Стартапыңыз үшін 3 000 000 ₸ дейін алыңыз

Өтінімдерді қабылдау басталды!

Студенттік бастамалар

Сипаттамасы

Бағдарламасы
туралы

Студенттік бастамаларға әлеуметтік өмірдегі белсенділікті арттыру мақсатында студенттер ұйымдастыратын іс-шаралар мен жобалар жатады.

Студенттік бастамалар

Студенттердің бастамасымен өткізілетін іс-шаралар. Өз байланыстарының желісін үнемі дамыта отырып және халықаралық тәжірибені зерделей отырып, Назарбаев Университетінің студенттері әртүрлі бастамаларына қолдау табу үшін NU Impact Foundation жүгінеді. Мұндай жобаларға студенттердің халықаралық Shell Eco марафонына қатысуы, 24 сағаттық республикалық деңгейдегі хакатонды — HackNU-2019 ұйымдастыру, халықаралық The Harvard College Project for Asian and International Relations (HPAIR 2019 Asia Conference) конференциясын өткізуі жатады.

NU Impact Foundation қолдауын алу үшін студент Назарбаев Университетінің қолдауына ие болуы қажет. Əлеуетті демеушілердің болуы немесе бірлесіп қаржыландыру артықшылық болып табылады.

Студенттік қор

Назарбаев Университеті студенттерді біріктіру, олардың шешім қабылдау дағдыларын дамыту және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу мақсатында студенттік өзін-өзі басқаруды белсенді қолдайды.

Бүгінде Университетте 100-ден астам студенттік клуб жұмыс істейді және жыл сайын студенттердің өз бастамасымен 40-тан астам іс-шара өткізіледі. Бұл шаралар студенттік өзін-өзі басқару аясында қалыптасатын Студенттік қордың механизмі арқылы жүзеге асырылады.

Студенттік қордың қаржылық əкімгері болып табылатын NU Impact Foundation оның қызметінің есебі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Жыл сайын студенттер Студенттік қорды қалыптастыру үшін өз қаржыларын салады. Ең төменгі салым мөлшері жыл сайын Назарбаев Университетінің Студенттік үкіметінің шешімімен бекітіледі.

Студенттер өз бастамасымен қайырымдылық мақсатқа қаржы жинауды немесе демеушілік жарна салуды ұйымдастыра алады, кейін олар Студенттік қордың банктік есепшотына аударылады.

NU Impact Foundation да Студенттік қорға жеке жəне тартылған қаржылар есебінен қолдау көрсетіп отырады.

Бюджеттік комиссия — студенттерден тұратын Студенттік үкіметтің алқа тобы.

Студент өзінің студенттік өмірді жақсарту үшін қоғамдық шараларды ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі жарқын идеяларын жүзеге асыра алады.

Кампус аумағында жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие.

Өз жобасын қаржыландыруға өтініш бере алады.

Əрдайым жоспарланған жəне өткізіліп жатқан шаралар туралы өзекті ақпараттарды уақытымен алып отырады.

Белсенділік танытады, күн тəртібіне қойылған мəселелерді талқылайды жəне Бюджеттік комиссияның мақұлданған бастамалар жөніндегі шешімдер туралы хабарланып отырады.

Иə. Сіздің өз кандидатураңызды Студенттік үкіметтің құрамына үміткерлікке ұсынуға, сондай-ақ Бюджеттік комиссияның құрамына сайлануға мүмкіндігіңіз бар.

Бюджеттік комиссия студенттерді көбірек қамтитын, студенттік өмірді жан-жақты дамытатын жобаларды қаржыландыруға басымдық береді. Жоба аяқталған соң бастамашы Студенттік қордың алдында есеп береді.

Назарбаев Университетінің Студенттік қорының тірегі болып табылатын NU Impact Foundation жастардың бойында көшбасшылық жəне басқарушылық дағдыларды дамытуды қолдайды, сондықтан студенттердің əлеуметтік маңызы бар идеяларына басымдық береді.

NU Impact Foundation
Республика Казахстан, 010000,
Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы,
Қабанбай батыр даңғылы, 53 үй
БСН 120 140 016 261
IBAN KZ036017111000024666
«Қазахстанның Халық Банкі» АҚ-да, Нұр-Сұлтан қаласы
БИК HSBKKZKX

Қосымша мәліметтер керек пе?

Бізге жазыңыз, біз сізге көмектесуге қуаныштымыз!