Еуразиялық банк жаңа қоғамдық кеңістік – NU Park жобасын қолдады

Еуразиялық банк, NU Impact Foundation және «Тұрақты даму» Жер қорымен бірлесіп, Астанадағы Nazarbayev University аумағында орналасатын болашақ NU Park аумағында экологиялық акция өткізді. Бастама аясында қатысушылар жаңа жасыл аллеяның бір бөлігі болатын 50 сібір шыршасын отырғызды.

NU Park – Nazarbayev University-дің ашық кампус тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба. Болашақта бұл жерде жасыл аллеялар, спорттық және шығармашылық аймақтар, серуендеуге, демалуға және ашық аспан астында жұмыс істеуге арналған кеңістіктер орналасады. Парк қала өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, студенттер, тұрғындар және елорда қонақтары үшін жаңа тартымды орын болмақ.

«Еуразиялық банк үшін осындай бастамаларға қатысу – тек экологияға ғана емес, қалалық ортаның сапасына және жас ұрпақтың болашағына салынған инвестиция. NU Park – білімді, мәдениетті және адамға деген қамқорлықты біріктіретін маңызды әрі шабыттандыратын жоба. Біз серіктестерімізбен бірге студенттер мен қала тұрғындары үшін даму, демалыс және қарым-қатынас орталығына айналатын кеңістікті құруға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз», – деді Еуразиялық банктің Астана қаласындағы филиалының директоры, басқарушы директор Асия Құлдыбаева.

Мұндай жобалар серіктестерді ортақ құндылықтар мен ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған бастамаларды қолдау ниеті біріктірген кезде жүзеге асады.

«NU Park – бұл университет аумағын абаттандыру жобасы ғана емес. Бұл Nazarbayev University-дің ашық кампус тұжырымдамасының бір бөлігі. Университет қалаға, адамдарға, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге ашық кеңістік болуы тиіс. Біз тек студенттердің емес, бүкіл қоғамның және қаланың болашағына қызмет ететін орта қалыптастырып жатырмыз. Осындай бастамаларды жүзеге асыру жолында біздің көзқарасымызды бөлісетін серіктестердің болғаны ерекше құнды», – деді NU Impact Foundation басқарушы директоры Дина Сайфутдинова.

Бөлісу: