Биыл байқауға 200-ден астам өтінім түсті. Көпсатылы іріктеу нәтижесінде 11 команда финалға өтіп, өз жобаларын сарапшылардан, инвесторлардан және технологиялық экожүйе өкілдерінен құралған қазылар алқасына таныстырды.

Финалға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және NVIDIA компаниясының жасанды интеллекттің жаһандық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Нико Капрез қатысты. Оның қатысуы ерекше маңызға ие болды. NVIDIA бүгінде жасанды интеллект индустриясын қалыптастыратын әлемдік жетекші компаниялардың бірі. Дәл осы деңгейде цифрлық экономиканың болашағы құрылып жатыр, ал компания өкілінің келуі Қазақстанның deep tech экожүйесіне халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 16 миллион теңгені құрады және оны толықтай NU Impact Foundation қаржыландырды.
DeepTech Bäige 2026 жеңімпаздары:
1-орын — AI DRONE (7 000 000 теңге)
AI DRONE — үлкен тілдік модельдерге (LLM) негізделген интеллектуалды басқару жүйесімен жабдықталған ұшқышсыз әуе аппараты.
2-орын — ROBIO (5 000 000 теңге)
ROBIO биомедициналық скринингке арналған жасанды интеллектпен жабдықталған тактильді қолғапты әзірлеуде.
3-орын — BUNKSENSE (3 000 000 теңге)
BUNKSENSE – мал шаруашылығы кешендеріндегі азықтандыру процесін бақылауға арналған автономды AI-шешім.
Көрермен көзайымы жүлдесі – From Earth to Orbit (1 000 000 теңге).
Жоба тұрақты энергетика мен аэроғарыш саласына арналған қазақстандық аккумуляторлық технологияларды ұсынып, экстремалды жағдайларда жұмыс істейтін жоғары өнімді қуат көздерін әзірлеуге бағытталған.
DeepTech Bäige ғылыми әзірлемелерге негізделген стартаптарды қолдау және Қазақстандағы озық технологияларды дамытуға ықпал ететін маңызды алаң болып қала береді. Бағдарлама NURIS және Astana Business Campus бастамасымен, NU Impact Foundation қолдауымен жүзеге асырылып келеді және Nazarbayev University экожүйесінің бір бөлігі болып табылады.


