13–14 қыркүйек күндері Назарбаев Университетінде NU Impact Foundation қолдауымен ғалымдар мен инноваторларға арналған екі күндік бизнес-интенсив — Founders Weekend өтті.
Іс-шараға 97 қатысушы жиналып, 57 жоба ұсынылды, ал 21 команда өз идеяларын сахнада таныстырды.
Жеңімпаз атанған — Ернар Қанағат (Назарбаев Университетінің Жаңартылатын энергия зертханасының зерттеушісі) DotScan Heavy Metal жобасымен. Бұл жоба — хромның уытты түрлерін жедел анықтауға арналған инновациялық сенсор.
Жеңімпаз АҚШ-қа сапар шегуге және TechCrunch Disrupt 2025 іс-шарасына қатысуға грант жеңіп алды.

