Өnergy Creative Hub кеңістігінде алғашқы концерт өтті. Кештің басты оқиғасы — пианист әрі композитор Агахан Сабзалы ұсынған «Temporal Remnant» авторлық бағдарламасы болды.
Бағдарлама нақты бір жанрмен шектелмейтін, джаз, романтизм дәуірінің классикалық дәстүрі және қазақтың музыкалық мұрасы тоғысқан ерекше дыбыстық кеңістік ретінде құрылды.
Композитор Иоганн Себастьян Бах пен Иоганнес Брамс шығармаларынан, сондай-ақ Қазанғап пен Дәулеткерейкүйлерінен шабыт алып, олардың эстетикасын заманауи орындау арқылы қайта пайымдайды. Соның нәтижесінде өзіне тән музыкалық тіл мен жаңа дыбыстық шешім қалыптастырады.
Өз концерттерінде музыкант дыбысты стильдік және мәдени шекаралардан тыс, тыңдаушының ішкі сезіміне тікелей әсер ететін әмбебап тіл ретінде қарастырады.
Бұл концерт Өnergy сахнасындағы алғашқы музыкалық кеш ретінде жаңа кеңістіктегі жанды концерттер сериясының бастауына айналды.

