Social Startup 2026

Стартапыңыз үшін 3 000 000 ₸ дейін алыңыз

Өтінімдерді қабылдау басталды!

Бүгін Астанада Орталық Азия үшін бірегей ғылыми-креативті хаб — Өnergy ашылды

Өnergy Назарбаев Университетінің аумағында орналасқан және NU Impact Foundation қатысуымен іске қосылды.

Хабтың ерекшелігі — ғылым, технологиялар, креативті индустриялар және кәсіпкерлік тоғысатын орта құруында. Әдетте бөлек дамитын бағыттар мұнда біріктіріліп, нақты жобаларға айналады.

Хаб баршаға ашық — кез келген адам келіп, жұмыс істеп, команда жинап, коворкингті пайдаланып, өз жобаларын іске қоса алады.

Хаб ішінде түрлі бағыттардың түйіскен жерінде орналасқан 6 зертхана бар: цифрлық өнер, кино және продакшннан бастап биодизайн, музыка және гастрономияға дейін.

Ашылу құрметіне суретші Ардак Мұқанованың мультимедиялық инсталляциясы ұсынылды. Бұл жоба басқа жобалармен бірге Қазақстан Республикасынан 61-ші Венеция заманауи өнер биенналесіне (Biennale Arte) қатысуға іріктелген.

Sound Lab-та Steinway & Sons компаниясымен бірлесіп және Жәния Әубәкірованың қатысуымен Cultural Legacy of the Steppe жобасы таныстырылды. Бұл — қазақ фортепиано музыкасының жазбасы, ол әлемдік кітапханаға еніп, бүкіл әлем бойынша қолжетімді болады.

Бұл — Қазақстанда идеялар нақты өнімдерге айналып, жаһандық деңгейге шығатын орта қалыптаса бастағанының белгісі.

Және бұл — тек бастамасы. https://onergy.kz/

https://onergy.kz

Бөлісу: