NU Impact Foundation «Samruk-Kazyna Trust» КҚ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Сапар аясында «Samruk-Kazyna Trust» қор командасы Nazarbayev University зертханаларын аралап, ғылыми зерттеулерден бастап, қоғам игілігі үшін қызмет етіп жатқан қолданбалы шешімдерге дейінгі ағымдағы жобалармен танысты. Біздің құндылықтарымыз ортақ: білім, ғылым және ұзақ мерзімді нәтиже беретін әлеуметтік бастамалар.

Алда бірлескен жобалар күтіп тұр, ал алғашқы қадам 3 мамырда жасалады: Nazarbayev University студенттері Астананың Ботаникалық бағында өтетін Charity Samruk Marathon жарысына қатысады. Қайырымдылық марафоны ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзия кабинеттерін ашуға көмектеседі.

Бөлісу: