NU Impact Foundation грант иегері және NU Technopark резиденті Forbes 30 Under 30 рейтингіне енді

Vbox Social компаниясының негізін қалаушы әрі NU Impact Foundation грант иегері Райымбек Тулешев Forbes 30 Under 30 рейтингіне енді.

Райымбек Vbox Social жобасы арқылы технологияны, ыңғайлы сервисті және әлеуметтік миссияны біріктіретін smart vending шешімдерінің желісін дамытуда.

Ол NURIS Quick Start бағдарламасының түлегі, NU Technopark резиденті және NU Impact Foundation ұйымдастырған Social Startup 2025 байқауының жеңімпазы.

Райымбек пен Vbox Social командасын осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

Бөлісу: