NU-дың 70 ғалымы Ұлттық ғылым академиясының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең көп дәйексөз келтірілген 100 зерттеушінің рейтингіне енді

Биыл Nazarbayev University-дің 70 ғалымы Ұлттық ғылым академиясы жасаған Қазақстандағы ең көп дәйексөз келтірілген 100 зерттеуші рейтингіне енді.

Олардың қатарында NU Impact Foundation қолдауымен дамып келе жатқан жобалардың зерттеушілері де бар.

Профессор Анара Сандыгулова балаларға қарым-қатынас жасау, оқу және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға көмектесетін әлеуметтік роботтарды әзірлеуде.

Профессор Гульнур Калимулдина — ақылды табандықтар мен киілетін құрылғылар арқылы спортшылардың қозғалысын талдауға арналған AI-шешімдер әзірлейтін Mirai Tech стартапының тең құрылтайшысы.

Барлық Nazarbayev University ғалымдарын лайықты марапатымен құттықтаймыз және адам өмірін өзгертетін жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз.

Бөлісу: