NU-де Республика күніне орай NU Impact Foundation қызметкерлері марапатталды

NU-де 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орай марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара университет қауымдастығының өкілдерін біріктіріп, күнделікті еңбегімен NU-дің дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін атап өтуге мүмкіндік берді.

Марапатталғандардың қатарында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хаттарына ие болған NU Impact Foundation қызметкерлері де бар:

Аян Туякбаева — Бухгалтерлік есеп және жоспарлау департаментінің бас менеджері.
Гульмира Махамбетова — Бухгалтерлік есеп және жоспарлау департаментінің бас менеджері.
Алия Берикова — Инвестициялар және фандрайзинг департаментінің бас менеджері.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Оларға кәсіби табыс, жаңа мүмкіндіктер мен алдағы жобаларын жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!

Бөлісу: