Жиналған қаражаттың арқасында Астана мектептерінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады.
2023 жылдан бері марафон ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы кеңістіктерді құруды қолдап келеді. Мұндай кабинеттерде балалар қосымша қолдау алып, оқу үдерісіне оңай бейімделіп, құрдастарымен бірге білім алады.


Биыл бұл бастама 3 000-нан астам адамды қамтиды.
Nazarbayev University мен NU Impact Foundation үшін осындай бастамаларға қатысу — білімге қолжетімділікті кеңейтетін және қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ететін шешімдерді қолдау деген сөз.
CHARITY SAMRUK MARATHON сондай-ақ Samruk-Kazyna Trust-пен бірлескен алғашқы қадамымыз болды.



