Nazarbayev University-де ABC Incubation XV финалы — NURIS Demo Day өтті, оны Astana Business Campus NU Impact Foundation қорының қолдауымен өткізді

17 технологиялық стартап өз жобаларын инвесторларға, сарапшыларға және бизнес-қауымдастыққа таныстырды.

Ұсынылған шешімдер арасында — аурулар диагностикасына арналған AI-платформалар, алаяқтық қоңырауларынан қорғау, интерактивті білім беру, терапияны, логистиканы және өнеркәсіптік қауіпсіздікті цифрландыру.

Demo Day-дің үздік командалары:

Potential Unicorn — Backeer
ауруларды жылдам әрі дәл диагностикалауға арналған биосенсорлық платформа.

Pitch Guru — Tekser
телефон нөмірлерін тексеруге және алаяқтық қоңырауларынан қорғауға арналған AI-платформа.

Design Pro — NovaLab
визуализация, симуляция және геймификация арқылы физикадан онлайн-зертхана.

DenovaX жаһандық нарықтарға шығу үшін SITF-тің Go Abroad халықаралық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Командаларды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Бөлісу: