Social Startup 2026

Стартапыңыз үшін 3 000 000 ₸ дейін алыңыз

Өтінімдерді қабылдау басталды!

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан, сен менің жүрегімдесің!» атты концерттік бағдарлама

29-қарашада (2021 жылы) «Рухани жаңғыру мәдени орталығы» NU Impact Foundation демеушілігімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан, сен менің жүрегімдесің!» атты концерттік бағдарламаны өткізуді жоспарлап отыр.

Концерттік бағдарламада НУ түлектері  өнер көрсетеді.

Екінші бұл кеште  «МЕНІҢ ЕЛІМ – БАҚ МЕКЕНІМ» атты НУ студенттері арасында өткен ақындар мүшәйрасының қорытындысы жарияланады. Жеңімпаздар НУ басшылығынан сертификаттармен бірге NU Impact Foundation сыйлықтарымен марапатталады.

Аталған іс-шараның мақсаты: жастардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, махаббатын ояту. Ақындық таланттарына қолдау көрсетіп, ынталандыру болс, ал НУ түлектерін өздері білім алған білім ордасына тарту, рухани байланыс орнату.

Ұйымдастырушы: Назарбаев Университетінің Рухани жаңғыру мәдени орталығы
*Кеш ZOOM бағдарламасы бойынша онлайн фоматында өтеді.

Өтетін күні:  29 қараша, 2021 жыл.
Басталу уақыты: сағ. 19.00
Сілтеме: https://nu-edu-kz.zoom.us/meeting/register/tJAtd-mhrjkjGtf3RVlF9_Q8aE8hCvIiDzcW
Байланыс телефоны:
Гүлназ Қаламбаева +77716272717

Бөлісу: