Social Startup 2026

Стартапыңыз үшін 3 000 000 ₸ дейін алыңыз

Өтінімдерді қабылдау басталды!

Astana Business Campus International Association of Science Parks (IASP) ұйымының мүшесі атанды

NU Impact Foundation экожүйесінің бір бөлігі болып табылатын Astana Business Campus әлемнің 70-тен астам елінен 300-ден аса қатысушыны біріктіретін ғылыми және технологиялық парктердің ең ірі жаһандық желісі — International Association of Science Parks (IASP) ұйымына ресми түрде қосылды.

IASP-тың жыл сайынғы халықаралық конференциясы аясында Astana Business Campus-тің ұйымға мүшелігі ресми түрде ратификацияланды.
Сондай-ақ IASP Президенті Лена Мирандамен және IASP Бас директоры Эбба Лундпен кездесулер өткізіліп, ынтымақтастық перспективалары, тәжірибе алмасу және Astana Business Campus-тің жаһандық инновациялық экожүйені дамытуға белсендірек қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Бұдан бөлек, TusPark (Фрэнсис Чанг) өкілдерімен жеке келіссөздер жүргізіліп, бірлескен жобаларды кеңейту және жаңа халықаралық бастамаларды іске қосу жолдары қарастырылды.

IASP-қа мүшелік Astana Business Campus пен NU Impact Foundation үшін халықаралық беделді нығайтуға, серіктестік желіні кеңейтуге, озық тәжірибелерге қол жеткізуге және стартаптарды жаһандық деңгейде қолдауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бөлісу: