Кездесу шағын, еркін форматта өтті — бұл жобалар, идеялар және олардың дамуына мүмкіндік беретін орта туралы ашық әңгіме болды.
Бір үстел басында әртүрлі бастамалардың авторлары жиналды: мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инклюзивті цифрлық сервистерді әзірлеуден бастап, медициналық деректерді талдауға арналған жасанды интеллект платформаларына дейін, сондай-ақ тұрақты биоматериалдар, ауруларды ерте диагностикалау технологиялары және аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларға арналған робототерапияны зерттеу бағытындағы жобалар. Қатысушылар арасында кәсіби және әлеуметтік кедергілерге тап болатын әйелдерді қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамалардың негізін қалаушылар да болды.
NU Impact Foundation миссиясы — таланттарды анықтау және дамыту, идеялар өз дамуының әр кезеңінде қолдау табатын экожүйе қалыптастыру. Кез келген экожүйенің негізінде адамдар тұрады — дәл олардың зерттеулері, технологиялары мен бастамалары уақыт өте келе дамудың жаңа бағыттарын қалыптастырады.
Бұл кездесу NU Impact Foundation экожүйесі аясындағы жаңа диалог форматының бастамасы болды.

