Ұқсас жаңалықтар:

Тағам қалдықтарын тастауға асықпаңыз

Сіз 8-10 мың жауын құртының бір аптада 2,5-3,5 килограмм тағам қалдықтарын қорытып шығаратынын білесіз бе? Мұндай қарқынды ас қорыту жұмысының нəтижесі жылыжайларда, бау-бақшаларда 30-35% өнімділікті қамтамасыз ететін тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын «worm tea» деп аталатын сұйық вермикомпост (биогумус). Бірақ өсімдіктер үшін құндылығы жоғары осындай өнімді алу үшін жауын құрттарды қалай қоректендіруге болады?

Бұл міндетті шешуге биологиялық қалдықтарды жеп, топырақты құнарландыратын шіріткіш құрттар, топырақ, өсімдік текті тағам қалдықтары салынған бірнеше қалақтан тұратын шағын жабық қондырғы – вермикомпостер мүмкіндік береді. Мұндай вермикомпостердің 150 данасын өндіру Қордың #SDFGRANTS2020 бағдарламасы аясында іске қосылды. Жоба 2019 жылы Green Campus NU грантының иегерлері – НУ студенттері бастамасымен қолға алынған еді.

Вермикомпостерді кез келген адам пайдалана алады, бүгінгі таңда жоба қатысушылары қондырғыны пайдалану бойынша шолу мен бейненұсқаулық дайындап жатыр. Вермикомпостерді өсімдік шаруашылығына қажетті топырақ, тыңайтқыш, тұқым жəне басқа да өнімдерді сататын арнайы дүкендерден сатып алуға болады.