Ұқсас жаңалықтар:

Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектері Social Impact 2023 конкурсы бойынша әлеуметтік гранттардың иегерлері атанды

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырған Назарбаев Университеті қауымдастығы арасында «Social Impact 2023» әлеуметтік жобалар конкурсының қорытындысы бойынша әлеуметтік жобалар грант иегерлері салтанатты түрде жарияланды.

Әлеуметтік даму қорының грантын алу конкурсына Назарбаев Университетінің барлық бағыттарындағы студенттері, түлектері, сондай-ақ, Назарбаев Университеті мен оның ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелерін шешуге, қазақ тілін дамытуға және оқытуға, сүт безі қатерлі ісігінен хабардарлықты арттыруға, қыздар мен әйелдер арасында STEM білімін беруді дамытуға, ауыл жастарын жоғары оқу орындарына түсуге дайындауға және басқа мәселелерді шешетін белсенділер грант иегерлері болып атанды.

Шара барысында Қордың өткен жылдарындағы грант иегерлері мен сарапшылар өз тәжірибелері мен жобаларын жүзеге асыру барысында кездескен қиындықтары туралы айтып, мәселелерді шешу тәсілдері мен әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру тетіктері туралы айтты.

Конкурс барысында жобалар 6 сарапшымен бағаланды:

  1. Асабаев Алпамыс Киреевич – «NU Alumni» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы, менеджмент және халықаралық қатынастар, гендерлік теңдік және тұрақты даму саласындағы сарапшы.
  2. Ахметов Мәулен Маташұлы – «Kunde» кафесінің негізін қалаушы, НУ түлегі, әлеуметтік кәсіпкер.
  3. Есембекова Гайни Кенжебековна – «Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымының кәсіптік бағдар беру орталығының директоры/Білім беру және басқару саласындағы көшбасшылық саласындағы сарапшы, мансап бойынша кеңесші.
  4. Сабитова Алия Ормановна – «Up&Go» жобасының негізін қалаушы, «Clover» қорының, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының, Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының және ерекше балаларға арналған «UP&GO» балалар орталығының тең құрылтайшысы.
  5. Шайхислам Дина Уазиркызы – Назарбаев Университетінің түлегі, «Children’s Development Foundation» жобасының негізін қалаушысы, халықаралық жобалар бойынша кеңесші, саяси кеңесші.
  6. Зиябеков Бахнур Махсатович – «Hello Aul» жобасының негізін қалаушысы, «Alpha Academy» қоғамдық ұйымының негізін қалаушысы, Қазақстан математиктер қауымдастығының Вице-президенті, білім беру және кәсіптік бағдар беру саласындағы сарапшы.

Конкурс нәтижесінде жалпы сомасы 22 783 039 теңгені құрайтын 18 жоба грант иегері болып жарияланды, оның ішінде:

  1. Сатыбалдинова Мадина Куатовна – «Аутизм спектрі бұзылған балаларға академиялық табысқа жету жолында қолдау көрсетудегі ата-ананың рөлі».
  2. Шинтемиров Ислам Кайратович – «SheCodes», IT саласындағы қыздар арасындағы 24 сағаттық хакатон.
  3. Иниятова Гулфайруз Берікбайқызы – «Chemsaya», 7-8 сынып оқушылары арасында эксперименттер көрсете отырып химияны оқыту.
  4. Мәдет Аружан Мейрамқызы – «Asyq Arman», сапалы оқу материалдарына деген қажеттілікті азайту үшін қазақ тілінде өсімдік және жасуша морфологиясы бойынша оқу материалдарын жасау.
  5. Искакова Аида Раимкуловна – «Қыздың күнделігі», психологиялық қолдау көрсету және отбасы құрылымындағы әкенің әсері туралы жалпы хабардар болу.
  6. Смат Нұрлыгүл Төребекқызы – «Қазақ тілінде көпшілік алдында сөйлеу, ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдыларын дамыту және тәжірибе алу клубы».
  7. Мүптеке Марғұлан Мағауияұлы – «Myñ Shyraq», 5-9 сынып оқушылары үшін мектептен тыс іс-шараларды (жазғы лагерь түрінде) өткізу.
  8. Ақанова Инабат Мәуленқызы – «Taspa», қазақ тілін үйренуге арналған IOS қосымшасы.
  9. Арыстанбек Айзат Асқарбекқызы – «Student Peace Ambassadors Transforming Schools», 8-11 сынып оқушылары арасында бейбітшілік елшілерін іріктеу және оқыту.
  10. Қорданова Гүлназ Амангелдықызы – «Connect-Ed», әлеуметтік осал санаттағы балаларға жаңартылған компьютерлерді жинау және сыйға тарту, 5-9 сынып оқушылары үшін цифрлық сауаттылық бойынша онлайн курс құру.
  11. Акишова Мақпал Болатқызы – «Breast Cancer Awareness», сүт безі қатерлі ісігімен күресу бойынша ақпараттық науқан жүргізу.
  12. Аскергали Нагимаш Тлеубеккызы – «Businessvue Junior», ауыл оқушыларын кәсіпкерлікке үйрету.
  13. Аймурзиева Айнур Амангелдиевна – «Empowering Girls and Women through STEM Education in Kazakhstan and Central Asia».
  14. Нурмаганбетова Тогжан Кайырбековна – «Күміс жаста – жаңа бастама», 45 жастан асқан жұмыссыз әйелдерге жан-жақты қолдау көрсету.
  15. Ныгметжанова Дана Болатқызы – «AyulReach», ауыл мектептерінің оқушыларын жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
  16. Умирбаева Анель Адлетовна – «InBio», ғылым туралы хабардарлығын арттыру, STEM-ге қызығушылық танытатын жас студенттерге ақпараттық қолдау көрсету және ғылымды танымал ету.
  17. Ахмадиева Еркежан Ермуратовна/Muhammad Habib Abdulla – «Ozge», халықтың әлеуметтік осал санатындағы оқушыларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
  18. Темиргалиева Айгерим Сериковна – «Ayala», сүт безі қатерлі ісігінен аман қалғандар үшін ақпараттық қоғамдастық құру.

Осылайша, Әлеуметтік даму қоры университет қауымдастығының сұраныстарын ескере отырып, осы бағыттардағы әлеуметтік жобаларды қолдауды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Еске сала кететін болсақ, «Social Impact 2023» конкурсы Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік инновацияларын қолдау мақсатында өткізілді.              Бұл жобаларды жүзеге асыру қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар, оның әрбір мүшесі өзінің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыра алатын, өзінің алма-матермен байланысын сақтай алатын, жобаларды басқару дағдыларын дамыта алатын Назарбаев Университетінің экожүйесінің бір бөлігі болып, әртүрлі санаттағы адамдармен және көшбасшылармен өзара әрекеттесе алады.