Ұқсас жаңалықтар:

Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорымен Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлерінің-2023 құрылтайына қолдау көрсетілді

24 қарашада Астанада әлеуметтік кәсіпкерлік үшін маңызы зор оқиға – Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының қолдауымен бірінші «Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы-2023» өтті. Назарбаев Университетінің түлектері бар 200-ден астам әлеуметтік кәсіпкердің басын қосқан шара тәжірибе мен идеялар алмасу алаңына айналды.

Назарбаев Университеті түлектері арасындағы табысты әлеуметтік кәсіпкерліктің бір мысалы, Университет кампусындағы «Күнде» кафесінің негізін қалаушы Мәулен Ахметов болды. «Күнде» дәмді тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың жұмыс орны болып табылады. Өткен жылы Мәулен Әлеуметтік даму қорынан 5 миллион теңге грант алып, кәсібін кеңейтіп, одан әрі тұрақтылығын қамтамасыз етті. Мәулен Құрылтай қатысушыларымен өзінің табыс тарихымен, өзі насихаттайтын құндылықтары мен жобасының ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өміріне тигізетін әсерімен бөлісіп, олардың әлеуметтенуіне және белсенді өмір салтын ұстануға көмектесетінін білдірді.

Құрылтайға Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының Ассистент профессоры Анжан Гхош та белсенді қатысты. Ол өзінің зерттеу тәжірибесімен және әлеуметтік импакт туралы түсінігімен бөлісіп, сонымен қатар, Университет пен Әлеуметтік даму қорының әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы қызметін атап өтті.

Құрылтайда Қазақстанның әр өңірінен келген әлеуметтік кәсіпкерлер өз өнімдерін немесе қызметтерін ұсынған «Impact Bazaar»-ға ерекше орын берілді. Ұсынылған жобалардың қатарында Қордың грант иегерлері: «Ozim» жобасы – ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған мобильді қосымшасы, «Oiko» атты қазақстандық экологиялық таза тұрмыстық химия өндіріс жобасы.

Форум барысында Әлеуметтік даму қорының грант иегерлері табысты әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларының тәжірибесімен бөлісті, әлеуметтік мәселелерді кәсіпкерлік арқылы шешудің инновациялық тәсілдері мен әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру механизмдері туралы айтып өтті.

Еске сала кететін болсақ, Құрылтайға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан 200-ден астам әлеуметтік кәсіпкерлер, әлеуметтік кәсіпкерлік жетекшілері, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен азаматтық белсенділері жиналып, Орталық Азияда қолайлы экожүйе мен қажетті инфрақұрылымды құру, сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерлер арасындағы тиімді кәсіби өзара іс-қимыл механизмдерін дамыту арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті танымал етті.

Құрылтай Қазақстандық әлеуметтік инноваторлар қауымдастығына (АСҚ) бастамасы бола отырып, оған кіретін «Up&Go» орталығының даму жобасы үшін Қор грантын алған Әлия Сәбитова және «Кішкентай» жобасын дамытуға ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына ықпал ететін қазақ ойыншықтарын шығару жоба командасының мүшесі, грант иегері Гүлмира Пармышева және аталған шара ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Орталық Азия елдері депутаттарының, Астана қаласы әкімдігінің, Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры, Eurasian Resources Group (ERG), Coca-Cola компаниясы қолдауларымен өтті.

Бұл шара Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектері қоғамдастығын әлеуметтік кәсіпкерлікке, жұмыс орындарын құруға, қолайлы экожүйелерді құруға және қоғаммен өзара әрекеттесуге тартудың маңыздылығы мен құндылығын көрсетті.