Mental Wellness

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Ибадулла Әсел Жеңісқызы, жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, NU Phycology Club серіктесе отырып «Биологиялық ғылымдар» бағдарламасы

Жоба бюджеті

1 050 000 теңге

Жобаның мақсаты

Назарбаев Университеті студенттерінің психикалық денсаулығын эмоционалдық қолдау мен өзін-өзі қалпына келтіру əдістерінен үйрету арқылы дамытуға ықпал жасау.

Мақсатты топ

Күтілетін нəтиже

Жоба сипаттамасы

Жобаның міндеті – күйзелісте жүрген немесе күйзеліске түсудің алдында жүрген (ауыр оқу жүктемесі, карантин кезінде оқу форматының өзгеруі, т.б) Назарбаев Университетінің студенттеріне көрсетілетін эмоционалдық қолдауды ойлап тауып, моделін сипаттап беру.

Жобаның алғашқы кезеңінде Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектерінің арасында іріктеу жүргізіліп, 2 бапкерді оқытады. Іріктеу International Academy of Emotional Intelligence мамандарының көмегімен сұхбаттасу арқылы өтеді.

Бапкерлерді онлайн-оқыту 2 ай бойы жүргізіледі жəне аптасына екі рет дəрістер мен семинарлардан, сондай-ақ бапкерлік дағдыны пысықтау тəжірибелерінен тұратын болады. Екінші кезеңде оқу аяқталған соң, бапкерлер жыл бойы Назарбаев Университеті студенттерінің арасында эмоционалдық денсаулықты жақсарту бағдарламасы үшін кемінде 100 адам қатысқан 2-еуден жоғары тренингтер өткізеді.

Бағдарлама апта сайынғы тренингтерден, апта сайынғы таңғы медитациядан, эмоционалдық мəселені талдаудан, эмоциямен жасалатын жұмыстан, спорттық шаралардан, т.б тұрады. Бағдарламаның ұзақтығы 10 аптаны құрайды.