Ұқсас жаңалықтар:

Қор #SDFGRANTS2020 грантын алушыларды əлеуметтік жобаларды жылжытудың механизмдеріне оқытуды ұйымдастырды

Желтоқсанда Қор 2020 жылы əлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру үшін мақсатында грант алған жобалар үшін онлайн-оқытуды ұйымдастырды.

Оның мақсаты командаларды жобаларды жəне оның өнімдерін нысаналы топтар арасында жылжытудың заманауи механизмдеріне оқыту. Сондай-ақ өзара іс-əрекет шеңберінде жобаларды жылжытудың жеке жоспарларын жасауға айрықша көңіл бөлінді.

Оқытуды «APEX Consult» компаниясының бұқаралық коммуникациялар бойынша сарапшы-тренері Алина Хаматдинова жүргізді.

Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша жобалық командалар тренермен кері байланысқа түсе отырып, өз жобаларына қатысты алған білімдерін байқап көрді.

Жаңа ақпарат пен бұқаралық коммуникацияның тиімді дағдылары əлеуметтік жаңашылдарға аудиторияға хабарламаны дұрыс жеткізуде, сондай-ақ өз жобалары арқылы жүзеге асырып жатқан əлеуметтік миссиялары туралы əңгімелеуде көп көмегі болады. Семинардағы коммуникациялық технологиялардың механизмдері бұл жобаларды бенефициарларға да, қоғамға да одан сайын түсінікті əрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

«Оқуға дейін біз өзіміздің жобамызды шаралар тізбегі ретінде қарастырған едік. Бірақ алған жаңа біліміміздің арқасында оның позициясын басқаша қарастыра бастадық. Өз жобамыздың қанатын кеңге жаю қажеттігін жəне басты мақсатымыз Қазақстанда инклюзивті шығармашылықты дамыту екенін түсіндік», – деді өз ойымен бөліскен Назарбаев Университетінің «Əлеумет» бағдарламасының Жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық мектебінің 2-курс студенті, грант алушы Эльмира Юсупова («Ornek»​ жобасы).

Жобалардың дамуына ықпал ететін бағдарламалары туралы айтқанда, Қор əрқашан оның тек қаржылай ғана емес, операциялық жəне сарапшылық қолдау көрсетуіне басты назар аударып отырады. Мұндай форматтағы өзара іс-əрекет жобалардың ұзақ мерзімге əрі тұрақты даму жолына шығуға мүмкіндік береді.