Ұқсас жаңалықтар:

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан, сен менің жүрегімдесің!» атты концерттік бағдарлама

29-қарашада (2021 жылы) «Рухани жаңғыру мәдени орталығы» Назарбаев Университеті «Әлеуметтік даму қорының» демеушілігімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан, сен менің жүрегімдесің!» атты концерттік бағдарламаны өткізуді жоспарлап отыр.

Концерттік бағдарламада НУ түлектері  өнер көрсетеді.

Екінші бұл кеште  «МЕНІҢ ЕЛІМ – БАҚ МЕКЕНІМ» атты НУ студенттері арасында өткен ақындар мүшәйрасының қорытындысы жарияланады. Жеңімпаздар НУ басшылығынан сертификаттармен бірге «Әлеуметтік даму қорының» сыйлықтарымен марапатталады.

Аталған іс-шараның мақсаты: жастардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, махаббатын ояту. Ақындық таланттарына қолдау көрсетіп, ынталандыру болс, ал НУ түлектерін өздері білім алған білім ордасына тарту, рухани байланыс орнату.

Ұйымдастырушы: Назарбаев Университетінің Рухани жаңғыру мәдени орталығы
*Кеш ZOOM бағдарламасы бойынша онлайн фоматында өтеді.

Өтетін күні:  29 қараша, 2021 жыл.
Басталу уақыты: сағ. 19.00
Сілтеме: https://nu-edu-kz.zoom.us/meeting/register/tJAtd-mhrjkjGtf3RVlF9_Q8aE8hCvIiDzcW
Байланыс телефоны:
Гүлназ Қаламбаева +77716272717