Ұқсас жаңалықтар:

26 қазанда Назарбаев Университеті түлектерінің үшінші кездесуі өтті

26 қазанда өткен Назарбаев Университеті түлектерінің үшінші кездесуіне 2015-2019 жылдардың түлектері қатысты.

Кездесу барысында түлектердің барлығы бірігіп, командалық ойындар мен сайыстарға қатысты, сонымен қатар қоғамның өзгеруіне өздерінің қызметімен оң әсерін тигізіп жүрген Қазақстанға танымал спикерлерді тыңдады.

Сонымен қатар «NU Alumni» ҚБ Әлеуметтік даму қорының қолдауымен Pitching for graduates ұйымдастырды. Ол жерде алдын ала іріктеуден өткен түлектер Назарбаев Университетін тәмамдағаннан кейінгі өздерінің жұмыс тәжірибесі мен оқу барысымен бөлісті. Сөйлеушілер бизнес-жобалар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, білім алуды жалғастыру, мансаптық жетістіктер, өмір сабақтары, қызмет саласының өзгеруі, спорттағы жетістіктер, қоғамдық жұмыстар және тағы басқа тақырыптарды қамтыды.

Көрермендердің дауыс беруі бойынша ең мықты спикерлер естелік сыйлықтарымен марапатталды.