DataSaur’26

Data Science, Machine Learning және AI саласындағы 24 сағат: нақты бизнес-міндеттерден технологиялық шешімдерге дейін.

Жоба туралы

DataSaur’26 — студенттер мен жас мамандарға арналған, NU DataSci Club студенттік клубы ұйымдастырған деректерді талдау және машиналық оқыту бойынша 24 сағаттық офлайн-хакатон.

Жоба академиялық қауымдастық пен индустрия өкілдерінің өзара әрекеттесуіне арналған алаң қалыптастырды. Қатысушылар өз білімдерін тәжірибеде қолданып, Data Science, Machine Learning және Artificial Intelligence бағыттарында серіктес компаниялардың нақты міндеттерімен жұмыс істеді.

673

тіркелген қатысушы

490

белсенді қатысушы

170

кейс шешуге кіріскен команда саны

100

финалдық шешім ұсынған команда

Жоба қалай өтті

Нақты бизнес-міндеттен - өз шешіміне дейін

Қатысушылар QazCode (Beeline Kazakhstan) және Freedom Broker серіктестері ұсынған екі практикалық кейспен жұмыс істеп, Data Science, Machine Learning және Artificial Intelligence әдістерін қолданды. Тапсырмалар индустрияда AI қолданудың нақты сценарийлеріне негізделді. Командалар ұсынылған мәселелерді талдап, шешім прототиптерін әзірледі және өз жобаларын финалдық қорғауда таныстырды. Финалдық кезеңге 100 командадан 294 қатысушы өтіп, өз шешімдерін қазылар алқасының алдында қорғады.

Жобаның әлеуметтік үлесі

DataSaur’26 болашақ дағдыларын дамытуға, жас мамандардың практикалық даярлығын күшейтуге және студенттер, академиялық орта мен технологиялық индустрия арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Skills for Future & Economic Prosperity
Болашақ дағдылары және экономикалық өркендеу

ТДМ 8: Лайықты еңбек және экономикалық өсу

ТДМ 4: Сапалы білім

DataSaur’26 білімді практикалық тәжірибеге, ал индустрияның нақты міндеттерін жаңа буын технологиялық мамандарының даму мүмкіндіктеріне айналдырады.