Shelter.kz

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Алмат Аблез 

Мақсатты топ

Жануарларға арналған баспаналар.

Жоба бюджеті

800 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Қызмет көрсететін баспаналарды қолдау арқылы үйсіз жануарлардың санын азайтуға жәрдемдесу.

Жоба сипаттамасы

Екі жыл бұрын Алмат үйсіз жануарлардың баспанасынан марғау алды. Бұған дейін ол үйсіз жануарларды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысатын баспаналарда жануарларды ұстау жағдайы соншалықты қиын деп ойламаған. Еріктілердің бастамаларымен жануарларды керек стандарттарда ұстау мүмкін емес, себебі тар торларда 4-5 жануарлар отырады, қаржыландырудың жоқтығынан олар жиі тамақтанбайды. Жалғыз шешім – жануарларға қамқорлық көрсететін иелер табу керек. Егер көмек сұраған баспаналар мен ұсыныс сайттары толы болса және үйсіз жануарлардың саны азаймаса, не істеу керек? Пайдаланушылар кейде шексіз проблемаларды көрмеу үшін осы ресурстарға кіруден қорқады. Алмат жануарлардың өмірі, әдеттері, мінезі баяндалатын сайт құруды шешті. Бұл кәсіби түсірілімі бар қандай да бір баяндау альбомы түрінде ұсынылады, онда кез келген адам өзіне жаны жақын дос таба алады немесе қандай да бір жануарға тұрақты патронат жасай алады немесе баспаналардағы жануарлар өмірін жеңілдету үшін донаттармен қолдау көрсете алады. Алматтың ойынша, сайт уақыт өте келе қарым-қатынастың, форумдардың, ұсыныстардың кең форматына айналуы мүмкін, мұнда басты мақсат – жануарларға көмектесу үшін қандай да бір қадам, кем дегенде бір қадам жасауға дайын адамдар қатарын көбейту, жануарлардың жағдайы туралы көбірек ақпарат беру.

Күтілетін нəтиже

Қамқорлыққа алуға болатын жануарлар туралы хабарландырулар орналастырылатын алаң құру. Барлық баспаналар үй жануарлары туралы толық мәліметтерді фотосуреттерімен, сипаттамаларымен енгізе алады және оларды мезгіл-мезгіл жаңартып отырады. Бұл сервис әлеуетті жануар иелерін үй жануарларымен байланыстырады, сонымен қатар жаңа үйлерге кететін үй жануарларының санын көбейтеді. Сондай-ақ қайырымдылыққа арналған қосымша ыңғайлы сервис құрылады.