Healthy aging
Social Startup 2026
Стартапыңыз үшін 3 000 000 ₸ дейін алыңыз
Өтінімдерді қабылдау басталды!
Healthy aging
Сипаттамасы
Жобасы туралы

Қаржы алушы
Жанель Джаменкова

Мақсатты топ
Астана қаласындағы зейнет жасындағы қарт адамдар; Нұр-Сұлтан қаласындағы зейнет жасындағы қарт адамдардың туыстары.

Жоба бюджеті
283 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты
Астана қаласында зейнеткерлердің әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру.

Жоба сипаттамасы
Адамдар үшін қоғамда өз қажеттілігін сезіну әрқашан маңызды. Бұл үшін олардың ақыл-ойы, моралдық және физикалық қалпы дұрыс болуы керек. Бұл ұмтылыстар кез-келген жаста толыққанды өмір сүру үшін қажетті жағдайлар болып қалуы керек. Жанель Джаменкова кез-келген жаста өз қажеттілігін сезіну үшін қарт адамдар әлеуметтік өмір-салтын жалғастыруы керек екеніне сенімді. Сондықтан ол йога, бодифлекс, нутрициология, қарттар үшін таза ауадағы белсенділік бойынша жетекші жаттықтырушылармен шеберлік сыныптарын ұйымдастыруға ниетті. Осы шеберлік сыныптарында егде жастағы қатысушылар денсаулығын жақсартумен қатар, өздерінің әлеуметтік өмірін танысу, қарым-қатынас жасау, дос болу арқылы дамыта отырып, толыққанды өмір сүре алады.

Күтілетін нəтиже
Зейнеткерлердің физикалық және эмоционалды жағдайын жақсарту, сондай-ақ шеберлік сабақтарына қатысқаннан кейін жақсы дағдыларды қалыптастыру.
Медиа