Case Key

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Жазира Жәңгірханқызы 

Мақсатты топ

Мүмкіндігі шектеулі және/немесе қосымша қажеттіліктері бар адамдар; кейс-чемпионаттарға қатысуға мүдделі бакалавриат және магистратура студенттері.

Жоба бюджеті

835 400 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны дамытуға студенттік қоғамдастықты тарту

Жоба сипаттамасы

Елордада кедергісіз қоғам идеялары бойынша кейс-чемпионат өткізу, оған еліміздің кез келген университетінен қалаған студенттер қатыса алады – міне, Жазира, Камила және Ақнұр не істемекші. Олар дарынды жастар үшін өз ұсыныстарын, әсіресе қаладағы инфрақұрылымдық құрылыстар жағдайында мүгедек адамдардың өмірін қалай жайлы және толыққанды ету туралы шешімдерін ұсына алатын арнайы алаңдар құру қажет екеніне сенімді. Олар қызығушылық туындаған жағдайда қатысушылардың жобаларын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ болашақ кадр әлеуетімен танысу үшін чемпионатқа құрылыс компанияларының өкілдерін тартуды жоспарлап отыр. Қыздар чемпионатқа қатысу үшін тіркеу жарналарының сомасын мүгедектігі бар жастарды digital жобаларға тарту бағдарламаларға аударуды жоспарлап отыр. Бұл да – дұрыс шешім.

Күтілетін нəтиже

Қазақстан студенттері мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларын зерттеп, кедергісіз ортаны дамыту бойынша шешімдерді ұсына алады, бұл Қазақстанда инклюзивті қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.