SauattyKeleşek
Social Startup 2026
Стартапыңыз үшін 3 000 000 ₸ дейін алыңыз
Өтінімдерді қабылдау басталды!
SauattyKeleşek
Сипаттамасы
Жобасы туралы

Қаржы алушы
Оразымбетова Жұлдыз
Назарбаев Университеті кітапханасының қызметкері

Мақсатты топ
Кітапханашылар мен орта білім беру мектептерінің оқушылары

Жоба бюджеті
812 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты
Ақмола облысының мектеп кітапханашылары мен оқушыларының медиа және ақпараттық сауаттылық (МАС), сондай-ақ инклюзия саласындағы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Жоба сипаттамасы
НУ кітапханасының қызметкері Жұлдыз Оразымбетова Ақмола облысының мектеп кітапханашыларының, оқушыларының медиа және ақпараттық сауаттылық, сондай-ақ инклюзия саласындағы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «SauattyKeleşek» жобасын қорғап шықты.
Жұлдыз мектеп кітапханашысының нұсқаушы ретінде қатысуымен оқу процесіне медиа және ақпараттық сауаттылықты, инклюзияны енгізуді, Ақмола облысы мектептерінің және республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың кітапханашылары мен оқушылардың дағдылары мен білімдерін жетілдіруді қалайды.
Сондай-ақ Жұлдыз Оразымбетова нысаналы топтың белгілі бір деңгейі негізінде материалдар мен вебинарлар әзірлеуге ниеттеніп отыр. Жоба бастамашысының жоспарында – нысаналы топтың медиа және ақпараттық сауаттылығының бастапқы деңгейін және олардың инклюзия саласындағы білім деңгейін айқындауды енгізу, сондай-ақ нысаналы топтың деңгейі негізінде материалдар мен вебинарлар әзірленетін болады.

Фотосуреттер мен бейнелер
Медиа