Remisee

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Василова Малика
НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенті

Мақсатты топ

— 6 жастан 18 жасқа дейінгі 8300 зағип және нашар көретін балалар
— 6 жастан 18 жасқа дейінгі 5900 естімейтін және нашар еститін балалар
— ауыл мектептерінен 15000 бала

Жоба бюджеті

999 997 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Көру қабілетінде әртүрлі ауытқулары бар адамдарға ғылымды бірегей тактильді әсермен және Брайль шрифтімен жасалған постерлер арқылы зерделеуге мүмкіндік жасау. Сондай-ақ қазақ тіліндегі биология ғылымдары саласындағы ғылыми ақпараттың көлемін ұлғайтуды және сапасын арттыру.

Жоба сипаттамасы

НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенті Малика Василова «Remisee» жобасын ұсынды. Оның негізгі мақсаты – көру қабілетінде әртүрлі ауытқулары бар адамдарға ғылымды бірегей тактильді әсермен және Брайль шрифтімен жасалған постерлер арқылы зерделеуге мүмкіндік жасау. Сондай-ақ жоба қатысушылары қазақ тіліндегі биология ғылымдары саласындағы ғылыми ақпараттың көлемін ұлғайтуды және сапасын арттыруды көздеп отыр.

Нысаналы топ — 6 жастан 18 жасқа дейінгі 8300 зағип және нашар көретін балалар, 6 жастан 18 жасқа дейінгі 5900 естімейтін және нашар еститін балалар и ауыл мектептерінен 15000 бала. Жобаны іске асырудың арқасында есту-көру қабілеті әртүрлі адамдар қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттерді зерделеуге қол жеткізе алады.

Жоба аясында мамандандырылған мектептер үшін 250 постер және ауылдық мектептер үшін 100 постер басып шығарып, есту-көру кемістігі бар балаларға арналған 28 мектепті және 30 ауылдық мектепті қамту жоспарлануда.
Бейне және аудио-дәрістерді және жоба командасы жасаған постерлерді жариялау үшін веб-сайт құрылады. Жоба аясында базалық биология бойынша анықтамалары бар тактильді карточкалар жиынтығы әзірленеді.
Сондай-ақ зағиптарға арналған кітапханамен бірлесіп Брайль шрифтін зерделеу бойынша Назарбаев Университетінде ашық курс ұйымдастырылады.