Hello Aul

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

«Alpha Academy» Білім академиясы» ҚБ, бірлестік төрағасы – Білім берудің жоғарғы мектебі (M.Sc., Education Leadership, Graduate School of Education Nazarbayev University) магистрлік бағдарламасының түлегі Зиябеков Бахнұр Мақсатұлы

Жоба бюджеті

ФСР НУ гранты 9 480 000 теңге + меншік көздерінен қосымша қаржыландыру 2 400 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Мақсатты топ

Күтілетін нəтиже

Жоба сипаттамасы

Жоба ағылшын тілінің курстарын helloaul.kz тұғырнамасында онлайн-форматта өткізуді көздейді. Курстың ұзақтығы – 2 ай. Оқытушылыққа 80-ге жуық волонтерді тарту жоспарланған.

Курс бағдарламасының оқу материалдары əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ Ұлттық халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің профессорларымен жəне «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» АҚ кеңесшілерімен бірлесе отырып жасалатын болады.

Қосымша оқу материалдары QR-код арқылы көбейтіліп, оқушылар арасында таратылады.

Жоба аясында оқуға 1000-ға жақын ауылдық оқушылар тартылып, олардың кем дегенде 40% ағылшын тілін меңгерудің əңгімелесу деңгейін біліп шығатын болады. Жоба аясында Түркістан, Жамбыл жəне Алматы облыстарымен өзара əріптестік орнатылған. Алматы жəне Шымкент қалаларының жергілікті атқару органдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
2016 жылдан бері «Alpha Academy» Білім академиясы» ҚБ ОҚО, Жамбыл жəне Алматы облыстарының ауылдық жерлеріндегі 10 мыңға жуық жоғары сынып оқушыларын 15-тен астам тілге (ағылшын, қазақ, орыс, неміс, т.б) үйретіп, оқытып шығарды.

«Alpha Academy» Білім академиясы» ҚБ-нің 600-ден астам түлегі жаз мезгілінде волонтерлік негізде балаларды шетел тіліне оқытты. Жұмыс оффлайн форматта жүргізілді. Қордың қаржыландыруы бұл модельді онлайн режимінде байқап көруге мүмкіндік береді, мұндай жағдайда болашақта қамтылатын оқушылар саны өсіп, жұмсалатын шығындар азая түсер еді.

Фото және видео