Social Projects

2020

Qaccess

Ағылшын тілі бойынша білімін бағалаудың халықаралық тесттеріне дайындайтын мемлекеттік тілдегі оқу материалдарына халықтың бірдей қолжетімділігін ұсыну.

Khan Academy Qazaq

Мазмұны əлемге əйгілі Khan Academy білім тұғырнамасының материалдарын аударуға негізделген мемлекеттік тілде білім берудің тегін əрі сапалы қосымша ресурсына халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Women in Engineering

Қыздардың арасында инженерлік мамандықты дəріптеу жəне инженерлік саладағы əйелдердің рөлін ілгерілету.

TopyraQ

Қалдықтарды өңдеу жəне биологиялық тыңайтқыштарды қолдану мəдениетін ілгерілету.

Ornek

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арт-сессия ұйымдастыру арқылы инклюзивті қоғамды дамытуға ықпал жасау.

Hello Aul

Жоба ағылшын тілінің курстарын helloaul.kz тұғырнамасында онлайн-форматта өткізуді көздейді. Курстың ұзақтығы – 2 ай. Оқытушылыққа 80-ге жуық волонтерді тарту жоспарланған.

Ozim

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына 0-3 жасқа дейінгі балалармен өз бетімен жұмыс жасауға қажетті маңызды ақпараттар мен ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Refillme

Құйылмалы косметикалық бұйымдарды пайдалану арқылы халықтың экологиялық мінез-құлқын дамыту.

Mental Wellness

Назарбаев Университеті студенттерінің психикалық денсаулығын эмоционалдық қолдау мен өзін-өзі қалпына келтіру əдістерінен үйрету арқылы дамытуға ықпал жасау.

Сипаттамасы

Жобасы туралы

2020 жылы Әлеуметтік даму қоры Назарбаев Университеті қоғамдастығының студенттерінің, түлектерінің жəне қызметкерлерінің арасында əлеуметтік жобаларға берілетін гранттарға байқау өткізді.

Байқау мақсаты – қоғамда Назарбаев Университетінің идеялары мен құндылықтарын ілгерілету, сондай-ақ Назарбаев Университеті қоғамдастығының азаматтық бастамаларына қолдау білдіру.

Қатысушылар – Назарбаев Университетінің және оның ұйымдарының студенттері, түлектері жеке қызметкерлері, сондай-ақ олармен құрылған ұйымдар, Назарбаев Университеті студенттері, түлектері және қызметкерлерінен тұратын бастамашыл топтар, студенттік клубтар, Назарбаев Университетінің Мектептері және оның ұйымдары.

Байқаудың міндетті шарты – əлеуметтік жобаның Назарбаев Университетінің декларациясында көрсетілген бір немесе бірнеше принциптеріне сəйкес келуі:

Өтінім қабылдау кезеңінде 150 жоба түсті. Оларды білім беру, денсаулық сақтау, экология, IT салалары, халықтың осал топтарын қолдау, бекітілген критерийлер негізіндегі қаржылар бойынша 24 тəуелсіз сарапшы балдық негізде бағалады.

Нəтижесінде 9 жоба жалпы көлемі 31,2 млн. теңгеге қаржыландырылатын болды. Олар 2020-2021 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған.