Ұқсас жаңалықтар:

Қор 2019-2020 академиялық оқу жылының көктемгі семестріне стипендия алушыларды бекітті

Әлеуметтік даму қоры ағымдағы академиялық оқу жылының көктемгі семестрінде стипендия алуды жалғастыратын студенттердің тізімін бекітті.

Стипендия иегерлерін бекіту критерийі Назарбаев Университетінің стипендиямен қамтамасыз ету ережелерінде көрсетілген күзгі семестрдің нәтижелерімен расталған GPA деңгейі болды. Сонымен, Қордың ай сайынғы стипендиясын 12 студент жалғастырып алатын болды. Олар – 8 бакалавр, 3 магистр және Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің «Медицина докторы» бағдарламасының 1 студенті.

Еске сала кетсек, 2018 жылдан бастап Қор ай сайын студенттерге, магистранттарға, оның ішінде Назарбаев Университетінің Қабылдау комиссиясы ұсынған «Абай Құнанбаев» грантының иегерлеріне стипендия беріп келеді.