Ұқсас жаңалықтар:

Мақсат қойып, оған қалай жету керек – мектеп оқушыларына арналған менторлық жоба

Бүгінгі таңда менторлық – кез келген мамандықтың немесе жобаның өсуінің ұтыды әдістерінің бірі. Ол soft skills – командамен жұмыс істеу, тиімді жоспарлау, креативті идеяларды түрлендіру дағдыларын белсенді түрде дамытуға мүмкіндік береді.

NU Alumni «Winning the Minds» ҚБ-нің (толығырақ nualumni.kz сайтында) менторлық жобасының әлеуметтік міндетін жете түсінген Қор оған бар ықыласымен қолдау көрсетуде.

Жоба зерделеу деңгейін арттыруға, орта мектепте оқитын жасөспірімдердің (әлеуметтік жағынан осал топтан шыққан балаларға басымдық беріледі) мақсатын дұрыс қойып, оған жетуді ұйымдастыруға бағытталған.

Жобаны жүзеге асыру барысында Назарбаев Университетінің түлектері 14-17 жастағы оқушыларға кәсіби дағдыларды дамытуға көмектесе жүріп, өскелең ұрпақпен жұмыс тәжірибесімен бөліседі.

Биыл жобаның екінші кезеңі өтуде. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, менторлар қатысушы балалардың өз күштеріне сенімді және қарым-қатынасқа ашық болып, жақсы өсіп келе жатқанын айтады. Достарының жетістіктерін байқаған сыныптастарының ішінде кейбіреулері жобаға қосылуға ниет білдірген. Сонымен қатар менторлардың өздерінің де жас ментилерден үйренері аз емес. Яғни өзара жағымды қуат көзімен және білім нәрімен алмасу жүріп жатыр.

Жоба координаторы – NU Alumni медиа-менеджері Назерке Манарбек былай дейді: «Біз «Winning the Minds» аясын кеңейтуді, оған тек астаналық оқушыларды ғана емес, қазақстанның басқа қалаларындағы балаларды да тартуды жоспарлап отырмыз. Біз сан қуаламаймыз. Ең алдымен, жоба мүшелерінің басты бағыты – нәтиже. Біздің менторлардың мақсаты – өздерінің ментилеріне досы әрі ақпараттық, рухани қолдау көрсететін тәлімгері болу».

Жоба туралы қосымша ақпараттар мына сілтемелерде:  youtube   instagram