Ұқсас жаңалықтар:

Қалай волонтер болу керек және жобаларды қайдан іздеу керек?

29 наурызда Әлеуметтік даму қоры «Волонтерлықтың негіздері. Қалай волонтер болу керек және жобаларды қайдан іздеу керек?» тақыбырында вебинар өткізді.

Бүгінгі таңда волонтерлық бастамалар – Назарбаев Университетінің қоғамдастығы үшін өзекті тақырып. Біздің студенттер мен түлектер арасындағы волонтерлық қызмет біздің жобаларымыз шеңберінде әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғамда әлеуметтік және экономикалық даму үшін басты мәнге ие болады. Волонтерлық қызмет туралы хабардар болуды арттыру мақсатында Қор «Ұлттық волонтерлық желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюктің қатысуымен ақпараттық сессия ұйымдастырды .

Вебинар барысында Татьяна Миронюк волонтерлықтың негізгі бағыттары мен қағидаттары, Қазақстандағы волонтерлық қызметтің ерекшеліктері, қолданыстағы жобалар мен ұйымдар туралы, сондай-ақ волонтер болып, өз жобасын қалай құру туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Вебинардың екінші жартысында қатысушылар сұрақ-жауап сессиясында өздері қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Біз барлық қонақтарға қатысқаны үшін алғыс айтамыз және алынған ақпарат сіздерге волонтерлық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуге және қоғамымыздың тұрақты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету үшін жаңа қатысушыларды тартуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.