Ұқсас жаңалықтар:

12 жеңімпаз команда NU SDF-тен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға гранттар алды

1 қазанда НУ Әлеуметтік даму қорының Jas Social Impact байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға NU студенттері, түлектері, қызметкерлері арасынан әлеуметтік жобалар бойынша конкурсқа өтініш берушілер, сондай-ақ Әлеуметтік даму қорының өкілдері қатысты.

Жалпы сомасы 11 млн теңге болатын келесі 12 жоба конкурс жеңімпаздары атанды.

Көк майса, жоба көшбасшысы – Құлжанова Жанар, НУ Жоғары бизнес мектебінің түлегі, MBA. Жобаның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласында оқушылар арасында экосана мен экоағартушылықты арттыру, «zero waste» қағидаттарымен таныстыру және экодағдыларды қалыптастыру.

Alaqan, жоба көшбасшысы – Киикова Гаухар, НУ Жоғары білім беру мектебінің студенті, PhD in Education, 2 курс. Жоба 0 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарын бес сала бойынша балалардың салауатты әдеттерін қалыптастыру мәселелері жайлы ақпараттандыру мен қолдауға бағытталған: дене белсенділігі, экран уақыты, еркін ойын, су режимі және көкөністер мен жемістерді тұтыну.

Speak Qazaq – 5-10 жас аралығындағы балаларға қазақ тілін үйрету үшін онлайн платформа құру. Жоба көшбасшысы – Ибраева Динара, НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі, Master of Science.

SauattyKeleşek, жоба көшбасшысы – Оразымбетова Жұлдыз, Назарбаев Университетінің кітапхана қызметкері. Жоба Ақмола облысының мектеп кітапханашылары мен оқушыларының медиа және ақпараттық сауаттылық, сондай-ақ инклюзия саласындағы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

iz Project («iz» қазақша «жол» дегенді білдіреді) қандастар арасынан шыққан жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын Қазақстандағы мүмкіндіктер мен мансап таңдау, көші-қон мәселелері және қазақстандық қоғамға кірігу туралы әлеуметтік желілер арқылы бейнероликтердің көмегімен қолдауға бағытталған. Жоба көшбасшысы – Бақытнұр Іңкәр, НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі

RemiSee, жоба көшбасшысы – Василова Малика, НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенті, 2 курс. Жобаның мақсаты – қазақ тілінде сапалы ғылыми білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл үшін жоба онлайн-білім беру платформасынан, баспа өнімдерінен және еріктілерден құралған әлеуметтік бастамалардан тұратын күрделі өнімді жасауға тырысады.

In Qazaq (IQ) – мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу мақсатында Интернет желісінде қазақ тіліндегі өзекті, пайдалы контентті ұсынатын жоба. Жоба көшбасшысы – Жарылқасын Бейбіт, НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 3 курс студенті.

FomoDoma – жеке қаржы және инвестициялар туралы подкаст. Жоба көшбасшысы – Кайлыбаева Индира, НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің түлегі. Жоба барынша көп қазақстандықтардың қаржы туралы өзекті, түсінікті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Jarqyn.me, жоба көшбасшысы – Тұрсымбаева Гулбахыт, НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің түлегі. Бұл жобаның мақсаты – 3 ЖОО-дағы жастардың психологиялық денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу үшін Алматы университеттерінің студенттері арасында бастамашыл топтарды оқыту және қолдау.

Tiny Greens, жоба көшбасшысы – Балғабекова Зарема – НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 4 курс студенті. Жобаның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының зейнеткерлерін пандемиядан кейінгі кезеңде белсенді және әлеуметтік өмірге тарту, олардың денсаулығын жақсарту және оларға шағын көк өсіру арқылы зейнеткерлікке қосымша табыс табу мүмкіндігін көрсету.

Сапалы білімге қол жеткізу – халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы 12 балаға үздік қазақстандық жоғары оқу орындарына грантқа түсуге көмектесетін жоба. Жоба көшбасшысы – НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі Қадылбеков Арнұр.

InfoSauattylyq. Жоба көшбасшысы – Андрюков Александр, Назарбаев Университетінің кітапхана қызметкері. Жоба ҚР ЖОО арасында академиялық адалдық туралы хабардарлықты арттыруға және ЖОО студенттері үшін ақпараттық сауаттылық және сыни тұрғыда ойлау вебинарлары мен курстарын өткізуге бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, Jas Social Impact байқауы Назарбаев Университеті қоғамдастығының әлеуметтік инновацияларын қолдау мақсатында өткізіледі. Биылғы жылы NY/NIS + 1 қағидатының арқасында конкурсқа қатысушылар өздерінің жобалық командаларына басқа жоғары оқу орындарының өкілдері мен сыртқы сарапшыларды қоса алды. Барлығы 26 өтінім келіп түсті, олардың жартысына жуығы қаржыландыру алды және 2022 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.