Ұқсас жаңалықтар:

Сіз барлығын да үйрене аласыз!

#SDFGRANTS2020 əлеуметтік жобалар байқауы аясында Қордың қаржыландыруына ие болған «Khan Academy Qazaq» жобасы дəл осындай ұранмен жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты қазақ тіліндегі сапалы əрі тегін қосымша əрі білім беру ресурсына халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Жасалып жатқан ресурстың мазмұнын əлемге əйгілі Khan Academy білім беру тұғырнамасының материалдарының аудармаларына негізделген. Khan Academy кітапханасы сарапшылар дайындаған математика, жаратылыстану ғылымдары, тарих жəне басқа да пəндер бойынша сабақтардан тұрады. Олардың барлығы оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де тегін. Сонымен қатар Назарбаев Университетінің студенттері осы жобаның көмегімен мектеп оқушыларының емтихан тапсыру деңгейін арттыруды жоспарлап отыр. Қолда бар мəліметтерге сүйенсек, «Khan Academy» тұғырнамасын қолданған оқушылар емтихандарды 1,6 есе жақсы тапсырады.

2019 жылдың мамыр айында жоба ұйымдастырушылары мен Khan Academy арасында тұғырнама мазмұнын аудару жəне оқшаулау жөнінде меморандум жасалды. Содан соң Назарбаев Университетінде осындай атаумен клуб құрылды. Жобаның YouTub-арнасы да белсенді дамып келеді https://www.youtube.com/c/KhanAcademyQazaq/featured.

Қазіргі таңда математика мен биологиядан 331 бейнематериал дайындалды. Гранттық қаржыландыру аясында сайттың демо-нұсқасын іске қосуға мүмкіндік беретіндей көлемдегі аударылған материалдарды дайындау жоспарлануда. Əрі қарай «qazaq» доменінің толық нұсқасын іске қосу үшін мына тақырыптарды толығымен оқшаулау қажет: математика+, химия+, биология+, физика.

Жоба барысында қазақ тіліндегі контент жасау жəне аудару жұмыстарына студенттер мен педагогтардан құралған 125 волонтер тартылды. «Khan Academy Qazaq» қазақстандық білім беру жүйесін дамытуға үлес қосуға ниетті жаңа энтузиастарды қатарына қуана қабылдайды. Волонтерлар қатарына қосылу үшін мына сілтеме бойынша берілген нысан бойынша толтырып, тіркелу қажет: https://khanacademy.wufoo.com/forms/khan-academy-translator-application/