Social Projects

2021

SauattyKeleşek

Ақмола облысының мектеп кітапханашылары мен оқушыларының медиа және ақпараттық сауаттылық (МАС), сондай-ақ инклюзия саласындағы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Alaqan

0-6 жастағы балалардың салауатты әдеттерін дамытуда ата-аналарды қолдау үшін ақпараттық ресурстар құру арқылы балалардың салауатты әдеттерін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Speak Qazaq

5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар үшін казақ тілін үйренуге арналған онлайн-платформа мен бірегей бағдарламаны әзірлеу арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және ілгерілету.

Kok Maisa

Астана қаласындағы қазақтілді оқушылар арасында эко-сана мен эко-білімді арттыру, нөлдік қалдықтар қағидаттарымен танысу және эко-әдеттерге баулу, атап айтқанда қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, қалдықтардың түрлері және оларды дұрыс сұрыптау және қайта кәдеге жарату туралы базалық білім алу.

iz Project

Ақпараттық алаңға қолжетімділік беру арқылы Қазақстандағы шетелден көшіп келген этникалық қазақ жастардың қазақстандық қоғамға интеграциялау мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу.

In Qazaq (IQ)

Ғылым, тарих, әдебиет және психология саласындағы әлемдік білімді қазақтілді аудиторияға қолжетімді ету.

FomoDoma

FomoDoma подкастының тұрақты шығарылымдары арқылы қазақстандықтарға жеке қаржы және инвестициялар туралы өзекті және түсінікті ақпаратты қолжетімді ету.

Jarqyn.me

Алматы қ. ЖОО жастарының психологиялық денсаулығын нығайту.

Сапалы білімге қолжетімділік

Еліміздің өңірлері мен ауылдарында тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы оқушыларға дайындық арқылы жоғары білім грантын алуға жәрдемдесу.

InfoSauattylyq

Қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы ақпараттық сауаттылық саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

Remisee

Көру қабілетінде әртүрлі ауытқулары бар адамдарға ғылымды бірегей тактильді әсермен және Брайль шрифтімен жасалған постерлер арқылы зерделеуге мүмкіндік жасау. Сондай-ақ қазақ тіліндегі биология ғылымдары саласындағы ғылыми ақпараттың көлемін ұлғайтуды және сапасын арттыру.