Gulde

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Алихан Талипбаев 

Мақсатты топ

Мал азығын қамтамасыз етуде қиындыққа тап болған фермерлер.

Жоба бюджеті

900 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Гидропоника әдісімен ірі қара мал үшін жем өсіруге арналған қондырғылар құру.

Жоба сипаттамасы

2021 жылы Қазақстанда болған ауыр құрғақшылық жағдайы және елдің батыс өңірлерінде мал азығының жетіспеушілігі Алиханды фермерлік шаруашылықтар үшін қолжетімді гидропоника жүйесі туралы идеяны пысықтауға итермеледі. Ол бидайдың жасыл желектерін суда өсіру әдісін жақсы білген, сондай-ақ жүргізілген тестілеу кез келген ауыл тұрғынына қолжетімді болу үшін күнделікті өмірде арзан жүйені қолдануға болатындығын көрсетті. Әрине гидропон шөптері жануардың толық рационын алмастыра алмайды, бірақ бұл құрғақшылық, егіннің жетіспеушілігі, экономикалық қиындықтар жағдайында қосымша азық немесе сақтандыру ретінде тығырықтан шығудың қолайлы жолы болып табылады. Ең бастысы – бірден қолдануға болатын қолжетімді сиқырлы таяқшаны жасау. Осы бағытта Алихан жұмыс жасауда.

Күтілетін нəтиже

Жоба шеңберінде прототип бойынша жұмысты аяқтау, өз малдарын жем-шөппен қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болған фермерлерге ұсынылатын соңғы өнеркәсіптік нұсқаны әзірлеу күтілуде. Жобаның гидропон қондырғысымен фермерлер малды жем алудың тұрақты әдісімен қамтамасыз ете алады.