Tilashar

Қорықпай сөйле!

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Наргиза Қожанова, Назарбаев Университетінің студенті

Жоба бюджеті:

5 000 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Мақсатты топ

Қазақ тілінде сөйлейтін, сөйлеу қабілетінде кемістіктері бар балалар.

Жоба сипаттамасы

Назарбаев Университетінің студенті Наргиза Қожанова өз командасымен бірге мемлекеттік тілде сөйлейтін,  балаларға сөйлеудегі кемістіктерін түзетуге, интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға көмектесетін TILASHAR жобасын қорғады. Жобаны құру идеясы 2021 жылдың жазында Түркияда Наргиза Қожанова сөйлеуінде кемістігі бар  балалармен балабақшада жұмыс істеген кезде пайда болды. Мәселенің әлемдегі ауқымы туралы біліп, ол Қазақстан туралы мәліметтерді зерттеуге кірісті.

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміздегі сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балалардың саны мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығының 30 пайызынан асады. Наргиза Қазақстанда өзінің жобасын бастап, Әлеуметтік даму қорынан грант алуға өтініш берген.

Наргиза Қожанова дамудың бастапқы кезеңінде дұрыс көңіл бөлінбесе, сөйлеу проблемалары баланың болашақта өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтенуіне әсер етеді деп санайды. «TILASHAR» орталығы қазақ тілінде сөйлейтін балалардың сенімге ие болуына көмектесіп, ата-аналарға кәсіби қолдау көрсетеді.

Өкінішке орай, елімізде мемлекеттік тілде жұмыс істейтін орталықтар әлі де аз, бірақ оларға деген сұраныс күрт артып келеді. Наргизаның жобасы үшін бұл фактор өзін-өзі қамтамасыз етуге жоспарланған шығудың кепілі болып табылады.  Ал оның Орталығының жақын болашақтағы басты мақсаты – қаржылық қолдауды қажет ететін әлеуметтік топтар үшін икемді тарифтерді қолдану.

Қазір Орталық балаларды қабылдап, оларды мектепке дайындауға көмектесуде.

Күтілетін нәтиже