Пайдаланушы нұсқаулығы

"Әлеуметтік даму қорының жобалары мен бағдарламалары порталы" (Веб портал)
жүйесінде жұмыс істеу үшін

Мазмұны

Веб-порталда жұмыс істеу үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет: https://portal.sdf.kz/sign-in.

Ашылған браузер терезесінде пайдаланушының логині мен паролін енгізіп, «Кіру» батырмасын басу қажет. Пайдаланушы бұрын жүйеде тіркелмеген жағдайда, «Тіркелу» батырмасын басу керек.

Сурет 1 (Порталда тіркелу)

Бұдан әрі тіркеу бетінде «НУ студенті», «НУ қызметкері», «НЗМ түлегі», «НУ түлегі» деген Өтінішкер түрлерін таңдап, * белгіленген барлық міндетті өрістерді толтыру  және «Растау» батырмасын басу керек.

«НУ студенті», «НУ қызметкері» және «НУ түлегі» деген Өтінішкер түрлері үшін @nu.edu.kz/@alumni.nu.edu.kz домендері арқылы тіркелу міндетті болып табылады.

Сурет 2 (Порталда тіркелу)

«Растау» батырмасын басқаннан кейін сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына хат жіберіледі. Тіркеуді жалғастыру үшін хатта көрсетілген сілтеме бойынша өту қажет.

Порталда авторландырудан өткен соң сізге конкурстар беті қолжетімді болады:

Порталда тілді ауыстыру мүмкіндігі және «Қордың сайтына оралу» батырмасын басу арқылы Қордың корпоративтік сайтына өту мүмкіндігі бар.

«Конкурстар» бетінде «Өтінімдер қабылдау» және «Аяқталды» мәртебесі бар конкурстар көрсетіледі. «Өтінімдер қабылдау»  мәртебесі бар конкурстар бойынша «Өтінім беру» батырмасы белсенді болады, батырманы басу арқылы осы конкурс бойынша өтінім беру бетіне өту жүзеге асырылады.

«Өтінім беру» батырмасын басқан соң жазба «Өтінімді қарау» деген жазбаға өзгереді.

Сондай-ақ «Өтінімді қайтарып алу» батырмасы пайда болады.

«Аяқталды» мәртебесі бар конкурстар бойынша «Нәтижелерді көру» батырмасы қолжетімді болады, батырманы басу арқылы таңдалған конкурс бойынша нәтижелерді көруге болады.

Сурет 3 (Портал бойынша навигация)
Сурет 4 (Портал бойынша навигация)
Сурет 5 (Портал бойынша навигация)

Жеке кабинетке өту үшін порталдың бастапқы бетінің жоғарғы оң жақ бұрышында «Жеке кабинет» сілтемесін шерту керек. Шерту кезінде келесі қосымша беттер қолжетімді болады:

Жеке деректер қосымша бетінде жеке деректерді енгізу, қарау және өзгерту мүмкіндігі бар. Қосымша беттегі деректер өтінішкер түріне қарай өзгеруі мүмкін.  Егер пайдаланушы «НУ студенті» түрін таңдаса, онда деректер төмендегі скринге сәйкес көрсетіледі. Деректерді енгізу немесе өзгерту үшін өрістерді толтыру/редакциялау қажет, фото белгішесін шерту арқылы фотосуретті енгізіп, «Сақтау» батырмасын басу керек. Деректер сәтті сақталған кезде жүйе «Өзгерістер сақталды» хабарламасын беруі керек.

Сурет 6 (Жеке кабинет)

Менің өтінімдерім қосымша бетінде Қордың конкурстарына берген пайдаланушылардың барлық өтінімдері көрсетіледі. Мұнда пайдаланушы өз өтінімдерінің мәртебесін бақылай алады.

Сурет 7 (Жеке кабинет)

Өтінім бойынша толық ақпаратты қарау үшін өтінімдер тізіміндегі өтінімді шерту қажет, сонан соң таңдалған өтінім нысаны көрсетіледі.

Сурет 8 (Жеке кабинет)

Құпиясөзді өзгерту қосымша бетінде пайдаланушының парольді өзгерту мүмкіндігі бар. Парольді өзгерту үшін пайдаланушы келесі өрістерді толтыруы қажет:

Өрістерді толтырғаннан кейін жүйеде парольдің өзгеруін қабылдау үшін «Сақтау» батырмасын басу керек. Парольге қойылатын талаптар: 8 таңбадан кем болмауы керек, жоғарғы және төменгі регистрде міндетті түрде латын әріптері, 1 сан және 1 арнайы таңба (!»№;%:?*_+) болуы тиіс.

Сурет 9 (Жеке кабинет)

«Шығу» батырмасы арқылы жүйеден шығу жүзеге асырылады, батырманы басқан кезде «Иә» батырмасы арқылы жүйеден шығуды растау қажет. «Шығу» батырмасы жеке кабинетте және «Жеке кабинет» батырмасын басқан кезде қолжетімді болады.

Сурет 10 (Жеке кабинет)

Конкурсқа өтінім бермес бұрын мыналарға көз жеткізіңіз:

1) Порталдағы сіздің жеке деректеріңіз толығымен толтырылған;

2) Сізде өтінімге қол қою үшін жарамды ЭЦҚ бар.

3) Жоба командасымен өз өтініміңізді талқыладыңыз.

Есіңізде болсын, 1 адам тек 1 өтінімге қатыса алады.

Конкурсқа (Jas Social Impact) қатысу үшін өтінімді тек Команда көшбасшысы береді. Команда көшбасшысын алдын ала анықтау керек. Таңдалған конкурста «Өтінім беру» батырмасын басу қажет.

Сурет 11 (Өтінім беру)

Содан кейін қаржыландыру бағдарламасын таңдаңыз:

Сурет 12 (Өтінім беру)

Бағдарламаны таңдағаннан кейін бүкіл нысанды деректермен мұқият толтыру керек. Нысанның барлық өрістері толтыру үшін міндетті болып табылады. «Сіздің командаңызға кім кіреді?» деген бөлімде көшбасшыдан (яғни, өзіңізден, өтініш берушіден) басқа команданың барлық мүшелерінің деректерін толтырып, CV қоса беру керек.

Сурет 13 (Өтінім беру)

Ескерту: Қордың конкурсына қатысуға өтінім беру үшін пайдаланушы міндетті түрде Жеке кабинеттің «Жеке деректер» қосымша бетіндегі ақпаратты толтыруы тиіс.

Назар аударыңыз: Сіздің өтнінімізді қарастыру үшін оған қол қою қажет.

Егер пайдаланушы өтінім бойынша деректерді енгізуді аяқтамай, өтінімді сақтағысы келсе, «Шимай ретінде сақтау» батырмасын басу қажет. Өтінімді сәтті сақтағаннан кейін жүйе «Өзгерістер сақталды» хабарламасын береді.

Сақталған өтінімді жеке кабинеттегі «Менің өтінімдерім» қосымша бетінен өтінімді тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту арқылы тауып, оны толтыруды жалғастыруға болады.

Барлық деректерді толтырып, қажетті құжаттарды қоса бергеннен кейін «Қол қою» батырмасын басу қажет. Осы батырманы басқан кезде ЭЦҚ кілтін таңдау үшін қалқыма терезе шығады. Қол қою үшін RSA кілтін таңдап, өз кілтіңіздің паролін енгізіңіз, төмендегі суретті қараңыз.

Сурет 14 (Өтінім беру)

Жоба командасының мүшелері жоба тобына қосылу туралы E-mail хабарлама алады. Егер пайдаланушы қандай да бір себептермен өтінімді қайтарып алғысы келсе, мұны «Конкурстар» бетіндегі «Өтінімді қайтарып алу» батырмасын басу арқылы жасауға болады.