Әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік кәсіпкерлікке берілетін гранттар

Үміткер көшбасшы Назарбаев Университетінің қауымдастығы немесе Назарбаев Зияткерлі мектебінің түлектері есебінен болу қажет

Егер сенде:

Әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын бизнес немесе әлеуметтік идея бар болса

Әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын бизнес немесе әлеуметтік идея бар болса

Сенің бизнесің бар болса және оны басқалардың игілігі үшін реттегің немесе дамытқың

Сенің бизнесің бар болса және оны басқалардың игілігі үшін реттегің немесе дамытқың

онда Jas Social Impact қатыс және грант ал!

1 адам тек 1 өтінім тапсыра алады

  • 00Күн
  • 00Сағат
  • 00Минут
  • 00Секунд

Өтініштерді бірінші қарау аяқталды

Өтінімдерді қабылдау жалғасуда – екінші қарау 2022 жылдың соңына дейін жүргізіледі. Қатысуға асығыңыздар!

Let's make a real impact together!

Jas Social Impact 2022 байқауының алғашқы шолуының қорытындысы

Social Projects Grant

номинациясы бойынша жеңімпаздар

Қостанайдағы әр түрлі теңдік бағдарламасы

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосуды қолдау
Анастасия Воробьева (GSPP студенті)

Shelter.kz

Үйсіз жануарларды күтуге жариялау алаңы
Алмат Аблез (SEDS студенті)

Салауатты қартаю

Салауатты өмір салты бойынша егде жастағы адамдарға арналған шеберлік сыныптары
Жанель Джаменкова (SSH студенті)

Кейс кілті: Ойыңызды кеңейту

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған іс бойынша чемпионат
Жазира Жангирханқызы (NUSOM студенті)

Жарайды

Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі бойынша дәрістер
Дания Яруллина (SSH студенті)

Аутизмді қолдау

Аутизмі бар балалардың ата-аналарын оқытуға көмек
Ақбота Қандіржанова (NU түлегі)

Idea Grant

номинациясы бойынша жеңімпаздар

Кökmaisa 2.0

Астана қаласының маңында кәдеге жарату пунктін құру
Жанар Құлжанова (NU түлегі)

Гүлде

Фермерлер үшін гидропоникалық жасыл жемшөп өсіруге арналған қолжетімді зауыттар өндірісі
Әлихан Тәліпбаев (SEDS студенті)

Сүт безі қатерлі ісігінің биомаркерлерін анықтау

Науқастың сілекейі арқылы сүт безі қатерлі ісігін диагностикалауға арналған детектор құру
Гюнель Рашидова (SSH студенті)

Bala tili

Ерте жаста қазақ тілін үйренуге арналған дидактикалық материалдар
Зере Құсайынова (NU түлегі)

Start Grant және Impulse Grant өтінімдерінің нәтижелері Jas Camp 2022 білім беру курсы аяқталғаннан кейін белгілі болады

Қолдау көрсетілетін жобалар мен қаржыландыру түрлері

Әлеуметтік жобалар

Белгілі бір мақсатты топтың немесе тұтастай алғанда қоғамның өмірінде уақыт және бюджетпен шектелген, пайда табуды мақсат етпейтін оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін шаралар кешені.

Әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары

Өзін-өзі өтеушілік және тұрақтылық шарттарымен әлеуметтік проблемалардың жаңашыл шешімдерін ұсынатын жобалар.

Әлеуметтік әсер. Бизнес әлеуметтік миссияға ие және экология, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шеше отырып, балалар, қарттар, мүгедектер сияқты белгілі бір мақсатты топтың немесе жалпы қоғамның проблемасын шешеді

Өзін-өзі өтеушілік. Өнімді сату немесе қызмет көрсету есебінен өз шығындарын өтеу қабілеттілігі

Кәсіпкерлік тәсілдеме. Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін маркетинг, сату, іскер және қоғамдық коммуникациялар сияқты бизнес-құралдарды пайдалану

Инновациялылық. Әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде жаңа жолдарды, әдістерді, тәсілдерді, құралдарды әзірлеу және қолдану немесе қолданыстағыларын жаңғырту, ұйымдастыру мен ынтымақтастықтың жаңа түрлері, ойлау тәсілінің, құндылықтар мен нанымдардың жаңашылдығы

Қаржылық тұрақтылық. Бірнеше табыс көздерінің болуы. Әлеуметтік кәсіпорынға немесе әлеуметтік қызметке 50%-дан астам қайта инвестициялау

Тираждылық. Ұсынылған шешімді тарату мүмкіндігі және дайындығы

Әлеуметтік жобалар

Social Project Grant

Кімдер қатыса алады

1. Команданың көсбасшысы-өтінім беруші Қазақстан Республикасының азаматы және келесі категорияға жатады:

2. НУ студенті немесе НУ/НЗМ түлегі құрған коммерциялық емес ұйымдар

Іріктеу критерийлері

Іріктеу кезеңдері

Әлеуметтік кәсіпкерлік жобалар

Әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары бойынша игілік алушылары

Игілік алуышлар азаматтардың келесі санаттарының бір немесе бірнеше категориясы есебінен болуы тиіс:

Ауыл жастары

NEET жастары (білім беру, жұмыспен қамту немесе оқыту саласында емес)

Аз қамтылған, көп балалы толық емес отбасылар, сондай-ақ көп балалы аналар

Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің түлектері

Мүмкіндіктері шектеулі және/немесе қосымша қажеттіліктері бар адамдар

Мүмкіндіктері шектеулі және/немесе қосымша қажеттіліктері бар адамдармен бірге тұратын ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер

Қандастар

Зейнеткерлер және зейнеткерлік жас алдындағы жұмыссыздар

Әлеуметтік кәсіпкерліктің қолдау көрсетілетін жобалардың бағыттары:

Бенефициарлардың өмiр сүру сапасын жақсартуға және олар үшiн басқа азаматтармен тең жағдайлар жасауға арналған тауарларды өндiру және өткiзу/жұмыстарды орындау/ қызметтер көрсету. Игілік алушылардың өздерін осы қызметке тарту құпталады

Шарт: Жобаның қаржылық нәтижесi кәсiпорынның жиынтық табысының кемiнде 50%-ын құрауы тиiс, бұл ретте таза табыстың кемiнде 50%-ы жобаны одан әрi дамытуға бағытталуы тиiс

Бенефициарлар санатынан адамдарды жұмысқа орналастыру

Шарт: (қызметкерлердің жалпы санының 50%-ы, еңбекақы төлеу қорының 25%-ы)

Idea Grant

Зерттеу, эксперимент жүргізу, MVP жасау, пилот немесе басқа да қажетті іс-шаралар жасау арқылы идеяның (әлеуметтік және бизнес компоненттің) өміршеңдігін анықтауға арналған.

Егер сенің жобаң идея деңгейінде болса, гранттың бұл түрі саған арналған!

Кімдер қатыса алады

1. Команданың көсбасшысы-өтінім беруші Қазақстан Республикасының азаматы және келесі категорияға жатады

2. НУ студенттері немесе НУ/НЗМ түлектері құрған жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар

Іріктеу критерийлері

Іріктеу кезеңдері

Кімдер қатыса алады

1. Команданың көсбасшысы-өтінім беруші Қазақстан Республикасының азаматы және келесі категорияға жатады

2. НУ студенттері немесе НУ/НЗМ түлектері құрған жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар

Іріктеу критерийлері

Іріктеу кезеңдері

Start Grant

Жобаны іске асыруды бастауға арналған (прототип/идеяны тестілеу/нарықты/mvp зерттеу міндетті түрде болуы керек).

Егер сен жобаны жүзеге асыруға алғашқы қадамыңды жасаған болсаң, Start Grant-ты таңда!

Impulse Grant

Бизнестің әлеуметтік импактін күшейтуді немесе қолданыстағы әлеуметтік кәсіпорынды кеңейтуді қалайтындар үшін арналған.

Егер сен әлеуметтік кәсіпкер болсаң және қызметіңді кеңейткің келсе немесе бизнесің бар болып, оны айналаңдағы адамдардың өмірін жақсартуға бағыттауды ойласаң, Impulse Grant-қа өтінім толтыр.

Кімдер қатыса алады

НУ студенттері немесе НУ/НЗМ түлектері құрған жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар

Іріктеу критерийлері

Іріктеу кезеңдері

Jas Camp

Start және Impulse Grant үшін

JAS Camp - жобаны сәтті іске асыру үшін дағдылар мен білім алу жөніндегі конкурстың міндетті кезеңі.

JAS Camp келесі компоненттерден тұрады:

Егер де сен соңғы 2 жыл ішінде идеясы ұқсас жобамен кез келген бизнес инкубаторға/акселераторға қатысып, оны сәтті аяқтаған болсаң, JAS Camp инкубатор/акселератор бағдарламасына толық қатысудың қажеті жоқ.

Бұл ретте, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша JAS Camp модуліне бару және 7-8-аптада өтетін команданың бағалауынан өту конкурстың міндетті кезеңі болып табылады.

Егер сен инкубатор/акселератор бағдарламасын өткізіп жібергің келсе, өтінімге мыналарды тіркеу қажет:

Өтінім беру мерзімі және форматы

Өтінімдер Қорға 2022 жылдың ішінде жіберілуі мүмкін. Бұл ретте өтінімдерді қарау жылына екі реттен кем емес жүргізілетін болады.

Алғашқы қарауға қатысу үшін өтінімді 2022 жылғы 31 мамырдың сағат 14:00-ге дейін тапсыру қажет

*Қор себебін түсіндірместен конкурстың кез келген сатысында өтінімді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады

1-ҚАДАМ: Қордың жобалары мен бағдарламаларын порталында тіркеу

2-ҚАДАМ: Онлайн өтінімді ағылшын/қазақ/орыс тілдерінде толтыру

*Бұл нысандар таныстыру сипатында болады, өтінімді беру онлайн режимде тек портал арқылы жүзеге асырылады.

3-ҚАДАМ: Команда Көшбасшысының ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) өтінімге қол қоюы

Сұрақтар мен консультациялар

Қор өтінімді толтыру бойынша Q & A вебинарын өткізеді (күні мен уақыты fund.nu.edu.kz сайтында көрсетіледі)

Конкурсқа қатысу және өтінімдерді толтыру бойынша консультациялар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін sdfgrants@nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы немесе +7 771 055 79 41 телефон нөмірі бойынша алуға болады,

Порталды пайдалану жөніндегі техникалық сұрақтар бойынша Whatsapp арқылы +7 (771) 055-79-42 хабарласуға болады (Дс-Жм: 10.00 - 17.00)

2020 жылдан бергі алдыңғы байқаулардың қорытындысы

208

Өтінім

1

Jas Camp

85

Сағат оқыту

11

Грант НУ студенттерінің жобаларына

10

Грант НУ түлектерінің жобаларына

3

Грант НУ қызметкерлері жобаларына

14 000+

Жобалардың бенефициарлары

67+

млн. теңге гранттарға

54

Тәуелсіз сарапшылар, жаттықтырушылар мен тәлімгерлер

Пайдалы сілтемелер

Әлеуметтік кәсіпкерлік деген не?

№1 Әлеуметтік кәсіпкерлік деген не?

I-SEED: Әлеуметтік кәсіпкерлер

№2 Әлеуметтік кәсіпкерлік деген не?

№3 Әлеуметтік кәсіпкерлік деген не?

Әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларының мысалдары

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік 2016

Балаларды дамытуға арналған «Kishkentai» жиынтықтарын шығару

Kunde әлеуметтік кафе

«OIKO» Тұрмыстық экологиялық таза химиялық емес заттар

Құрақ көрпе студиясы

Иван шәй өндіру

Әлеуметтік және экологиялық себеп-салдарды байланыстыру үшін қайта өңдеген сөмке

Telling Hands

Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жетекші сарапшылардың NU Community-ге арналған zoom вебинарларына сілтеме

Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері – Р. Темірбеков

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік: заңнамалық бастамалар, статистика, мысалдар – Е. Әскеров

Әлемді бизнес арқылы қалай өзгертуге болады: мысалдар – И. Шах

Грант түрін анықта

Біз әркімнің өмірді өзгерте алатын идеясы болуы мүмкін деп есептейміз. Ойланып, идеямен қайта оралыңыз!

Біз оң әлеуметтік әсері бар жобаларды қолдаймыз. Ойланып, идеямен қайта оралыңыз!

Social Project Grantқа өтінім тапсыр

Idea Grantқа өтінім тапсыр

Start Grantқа өтінім тапсыр

Impulse Grantқа өтінім тапсыр