Назарбаев Университет түлектері оқу бітірген алғашқы жылдан бастап-ақ өздерінің жоғары оқу орынмен тығыз байланыста. Осыған байланысты қызмет мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында заңды тұлғаны тіркеу идеясы пайда болып, 2018 жылдың 8 қарашасында «NU Alumni» деп аталатын қоғамдық бірлестік тіркелді.
«Өткен жылы біздің Қор түлектердің өз ұйымдарын құруға қуана атсалысты. Бұл жағдай, әрине, оларға көбірек дербестік беріп, жұмыстарының мәртебесін арттырды. Қазіргі таңда біздің Университет еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында маңызды роль атқарады және біз түлектеріміздің ЖОО үздіксіз байланыста болуын қолдап, Университет құндылықтарын оны тәмамдағаннан кейін де көтермелеуін қалаймыз. NU Alumni барлық түлектер мен Университет арасындағы байланыстырушы болып, өз альма-матеріне шынайы сүйіспеншілігін дамытуға себепкер болатынын көріп отырмыз», – дейді А.Ə. Өтешева.
Қоғамдық бірлестіктің міндеті түлектерді біріктіру, олардың бастамаларын қолдау және түлектер мен Университеттің түрлі бағыттағы қауымдастықтарының өзара әрекетін ілгерілету болып табылады. Қазір «NU Alumni» ҚБ құрамына 17 құрылтайшы кіреді, ал болашақта қоғамдық бірлестік мүшелігіне қабылдау түлектер арасынан жүргізілетін болады.
Алдағы уақытта Қоғамдық бірлестіктің негізгі бағыттары:
-түлектердің бастамаларын қолдау және олардың жобаларын жүзеге асыру;
— студенттердің бойында Университет қауымдастығына шынайы сүйіспеншілікті қалыптастыру;
— Назарбаев Университеті бастамаларын ілгерілету болып табылады.
Әлеуметтік даму қоры «NU Alumni» ҚБ-не жемісті еңбек тілейді!