Ұқсас жаңалықтар:

Қор COVID-19-ға қарсы күрестегі 100 медицина қызметкерінің балаларын компьютерлермен қамтамасыз етті

Әлеуметтік даму қоры COVID-19 вирусының таралуын тежеуге бағытталған шараларды қолдайды.

Астана медицина университетінің волонтер-студенттері мен медицина қызметкерлеріне көмек көрсетумен қатар Әлеуметтік даму қоры Ұлттық волонтерлер желісімен бірге медициналық қызметкерлердің қашықтан оқу қажеттілігіне тап болған және үйінде компьютері жоқ балаларына көмек көрсетуге шешім қабылдады.

Отбасылар жергілікті денсаулық сақтау департаменттері мен мәслихаттардың мәліметтері негізінде отбасында компьютерлердің болуына, сондай-ақ жанұяның жалпы жағдайына қарай таңдалды. Алушылардың көпшілігі медбикелердің, санитарлардың, фельдшерлердің көп балалы отбасылары болды. Әлеуметтік даму қоры коронавирустық инфекциямен күресте зор үлес қосып жатқан медицина қызметкерлеріне деген алғыс сезімін осылайша білдірмек болып шешті.

Павлодар, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Теміртау, Талдықорған, Ақтөбе қалаларындағы 100 медицина қызметкерінің балаларына компьютерлер сатып алынды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда медициналық қызметкерлер үшін қорғау және диагностика құралдары сатып алынуда.Жаңалықтарға жазылу