Ұқсас жаңалықтар:

Әлеуметтік даму қорының импакт-кәсіпкерліктегі алғашқы тәжірибесі қалыпты қарқынмен кеңеюде

Техникалық прогресс, соңғы үлгідегі технологиялар тоғысында әлеуметтік жобаларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болуда. Бизнес адамдардың сұраныстарына жауап бере бастады, халықты толғандыратын мәселелерді шешуге және әлеуметтік игілікке үлес қосуға құштар әлеуметтік кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. Олар үшін ең бастысы – үстеме табыс емес, ал әлеуметтік қайтарым, яғни қоғамға пайда әкелетін импакт. Өйткені олар тек жобаны ғана емес, ал адамдардың пайдасына тиімді жұмыс істейтін тұтас тетікті қалыптастырады.

Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры екінші жыл қатарынан осы бағытта өз қызметін дамытуда. Сондықтан әлеуметтік бастамалар мен инновацияларға қолдау көрсету, нысаналы аудиторияға өтеусіз, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек көрсету Қор қызметіндегі басым міндеттер болып қала береді.

Қордың құнды және басты капиталы – жылдар бойы жинақталған білімі мен тәжірибесі бар Университет, меңгерген дағдыларын тәжірибеде қолданатын студенттер мен түлектер. Назарбаев Университетінен жыл сайын кәсіби сапалы білімі бар жаңашылдар түлеп шығады. НУ инновацияларды дамыту үшін тұтас экожүйені құрды. Бүгінгі күні ол Мектептерде орналасқан National Laboratory Astana және Nazarbayev University Research and Innovation System сиқты көптеген ғылыми-зерттеу, оқу және креативті зертханалардың тоғысқан жеріне айналды, олар Университетті ғылыми-зерттеу миссиясына бағыттап, цифрлық және технологиялық идеяларды нақты бизнес-жобаларда іске асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ Назарбаев Университеті ашылған сәттен бастап жасыл технологияларды дамытуға бағыт алды. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін ілгерілету және Университеттің экологиялық тұрақтылығын дамыту мақсатында Green Campus жобасы іске қосылды. НУ студенттері мен түлектерінің әлеуетін ашу үшін құрылған басқа да алаңдармен қатар Әлеуметтік даму қоры НУ студенттері мен түлектерінің әлеуметтік идеяларын дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырумен, импакт-кәсіпкерлікті қолдаумен айналысады.

Әлеуметтік даму қоры ел экономикасын нығайтатын және қоғамдық игілікке зор үлес қосатын басқарушылардың, әлеуметтік кәсіпкерлердің жаңа тобының өсуіне жәрдемдеседі. Қор коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған шектеулерге қарамастан, өзіне жүктелген міндеттемелерді, оқу мен жұмыс аясындағы негізгі қызметін соңына дейін жеткізіп, өз жобаларын табысты іске асыратын грант иелерін мақтан тұта алады. Олар айналадағы адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге ықпал етеді, өйткені импакт – іс-әрекет нәтижесінде алынған адамдардың өміріндегі жақсару шамасы.

Командалар жүзеге асыратын бастамалар білім беру, экология, денсаулық сақтау және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету саласындағы кең ауқымды мәселелерді шешуге бағытталғанын айта кеткен жөн.

Айталық, Ozim қосымшасының арқасында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары даму бұзылысын анықтау және олар қалада немесе ауылдық жерде тұратынына қарамастан балаларға көмек көрсету жолдары туралы сапалы және пайдалы ақпаратқа қол жеткізді.

Назарбаев Университетінің студенттер тобы еріктілер жасағымен бірлесіп қазақтілді жастар үшін әлемге әйгілі Khan Academy білім алаңын ашып, оның контентін мемлекеттік тілге аударды, бұл ЖОО-ға түсу мүмкіндігін арттырады және бүкіл елдегі оқушылар мен студенттердің жалпы білім деңгейін көтереді.

Ал 2016 жылдан бері НУ түлектері өз бетінше табысты іске асырып келе жатқан Hello Aul жобасы Қор грантының арқасында жұмыс форматын пандемия кезінде онлайн форматқа көшіріп, Қазақстанның 14 облысынан жинақталған мыңдаған ұлдар мен қыздарға ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік берді. Бүгінде он мыңнан астам қазақстандықтар Әлеуметтік даму қорының грант иегерлері құрған игіліктерді пайдалануда. 2021 жылы іске асырылған басқа жобалармен қатар аталмыш жобалар Қордың грант иегерлері үшін қалыптастыратын қолдау ортасының көрінісі болды. Оқыту, мониторинг, менторлар мен тәлімгерлерді тарту арқылы Қор импакт-кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы ерекше миссияны орындайды. Қор НУ студенттері мен түлектерінің әлеуметтік бастамаларын қолдайды, олар өз кезегінде жалпы қазақстандықтардың өміріне оң ықпалын тигізеді.

Қор қолдаған әлеуметтік жобалар біртіндеп әлеуметтік кәсіпкерлікке айналуда. Кешегі тәжірибелі әрі сауатты студент Қордың байқауларына кезең-кезеңімен қатыса отырып, қосымша дағдылар меңгереді. Осы дағдылар арқылы олар өз істерін бастайды, жаңа жұмыс орындарын құрады, өз істерін одан әрі ілгерілету үшін еңбек етеді. Өйткені кәсіпкерлік белгілі бір дағдылар мен креативтілікті қажет етеді.

Бір сөзбен айтқанда, 2021 жыл тек қазіргі грант иегерлері үшін ғана емес, сонымен қатар Қордың қаржыландыруын алған жаңа жобалар үшін де жемісті болды. Өткен жылы алғашқы әлеуметтік гранттардың нәтижелерінен шабыт алып, Қор Jas Social Impact бағдарламасын іске асырды, оған қызметкерлер, студенттер, НУ түлектері, сондай-ақ НЗМ түлектері қатысты.  Бағдарлама жеңімпаздары ретінде жалпы сомасы 10,9 млн теңгеге 11 әлеуметтік жоба және әрқайсысы 5 млн теңге мөлшерінде қаржыландыру алған 4 әлеуметтік кәсіпкерлік жобасы анықталды.

Соңғы жылдары экологиялылық мәселелер алдыңғы қатарға шықты. Сондықтан Kok Maisa жобасының командасы мектептен бастап адамдардың экологиялық санасы мен экологиялық сауаттылығын арттыру үшін жұмыс істейді. Өйткені мұнда отбасына берілетін әдеттер мен құндылықтар қалыптасады.

Alaqan командасының нысаналы аудиториясы – ата-аналар мен олардың балалары. Команда балалардың салауатты әдеттерін қалыптастыру олардың одан әрі дамуына әсер ететініне сенімді. Осы мақсатта олар балалар мен олардың ата-аналары үшін ақпараттық ресурстар әзірлейді.

Ақпараттық кеңістікте адамның қаржылық сауаттылығын арттыру туралы көбірек айтылады. Сондықтан FomоDoma подкастының тұрақты шығарылымы арқылы қазақстандықтарға жеке қаржы мен инвестициялар туралы өзекті және түсінікті ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Remisee командасының айтуынша, мүмкіндігі шектеулі адамдар алдымен қоғамның қолдауын сезінуі тиіс. Сондықтан команда көру қабілетінің әртүрлі бұзылыстары бар адамдарға бірегей тактильді әсермен және Брайль қарпімен жасалған постерлер арқылы ғылымды зерделеуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты бойынша қолдау көрсетілген жобаларға келетін болсақ, бұл Қор қызметінің тарихындағы жаңа парақ екенін айта кеткен жөн, өйткені бағдарламаға тарту кезеңінде командалар өздерін әлеуметтік кәсіпкерлер ретінде көрсетеді. Командалар ішкі және сыртқы сарапшыларды тарта отырып, іріктеудің ұзақ жолынан өтті. JAS Camp жобаларды күшейтуге және оларды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді. Назарбаев Университетінің студенті немесе түлегі бастаманы сыртқы маманмен немесе қазіргі әлеуметтік кәсіпкермен бірлесіп іске асыратын NU +1 қағидаты бойынша командалар осы бағыттағы грант иегерлері болды.

Қолданыстағы Kishkentai жобасының арқасында нарықта балалардың дамуына ықпал ететін сапалы балалар ойыншықтары пайда болуда, ал Қор грантының арқасында команда мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруды жалғастыра отырып, өз процестерін автоматтандырып, неғұрлым кең нарыққа шыға алады.

Бұған қоса, OIKO жобасын іске асыру арқылы қазақстандықтар қолжетімді бағамен экологиялық қауіпсіз құрамы бар алғашқы отандық балалар косметикасына қол жеткізе алады.

Жартылай дайын өнімдер шығару арқылы «Сеним» жобасының командасы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру мен әлеуметтендіруге қолдау көрсетеді.

Ал TILASHAR жобасының командасы мемлекеттік тілде сөйлейтін балаларға сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетуге және зияткерлік қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі.

Қор қол жеткізілген нәтижелермен тоқталмай, жыл сайын командалармен бірге дамып келеді. Импакт кәсіпкерлік бойынша жаңа бағытты дамыту аясында Ринад Темирбеков, Индира Шах және Эмин Аскеров сияқты жетекші сарапшылармен және табысты әлеуметтік кәсіпкерлермен вебинарлар сериясы өткізілді. JAS Camp өткізу кезінде Қор коучинг, команданы басқару, коммуникация және шешендік өнер, қаржылық модельдеу, импакт бағалау, ойлау дизайны, маркетинг және сату саласындағы кәсіпқойларды да тартты. Осы кездесулердің арқасында командалар менторлардан кері байланыс алып, қолдау көрді және дұрыс бағытта келе жатқандарына сенімділік ұялады.

Әлеуметтік даму қоры Назарбаев Университетінің корпоративтік қоры бола отырып, студенттер мен түлектер қоғамдастығы үшін академиялық ортаны қолдауға, NU оқытушылар құрамын дамытуға бағытталған жобаларды іске асырады. Бұл ретте қиын өмірлік жағдайға тап болған НУ студенттеріне жан-жақты көмек көрсетілетін Қордың қолдау бағдарламасын атап өткен жөн. Атап айтқанда, Қор халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерді тамақтандыруға, Интернетке қол жеткізуге, мұқтаж адамдарға қымбат ем алуға қаражат бөледі. Осылайша, Қор студенттердің оқуға және өздігінен дамуға баса назар аударуы үшін оларға қолайлы орта қалыптастырады. Бұл Қор көрсететін қолдау шараларының бір бөлігі ғана екенін атап өткен жөн.

Бүгінде Қор бүкіл қазақстандық қоғамға пайдалы болу үшін өз қызметінің аясын кеңейтуде. Жоғарыда айтылғандай, барлық жобалар әлеуметтік жауапты көшбасшыларды, сондай-ақ Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің тағдырын ойлайтын болашақ кәсіпкерлерді тәрбиелеуге бағытталған. Қор және оның грант иегерлері әкелетін жаһандық импакт – бұл әлеуметтік жауапты қоғамдастықты дамытудың тұтас тетігі.

Грант иегерлерінің жетістіктерімен қатар, мұның бәрі нақты әлеуметтік өзгерістерге бағытталған, объектісі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлік жобалар болатын импакт-инвестициялауды дамыту аясында Қорға өз бағдарламаларын нығайтуға және кеңейтуге көмектеседі.

Әлеуметтік даму қоры қол жеткізілген көрсеткіштермен тоқталмайды. 2022 жылы Қор өзінің 10 жылдығын атап өте отырып, импакт-кәсіпкерлік бағытында одан әрі дамуға, НУ студенттері мен түлектерінің әлеуетін кеңейтуге, сондай-ақ қоғамға ұзақ мерзімді әсер ететін әлеуметтік жобалар мен инновацияларды дамытуға үлес қосу арқылы көптеген адамдарға пайда әкелуге ұмтыла отырып, ұсынылатын гранттар мен іске асырылатын бағдарламалар көлемін ұлғайтуға ниетті.

Жақын арада JAS Social Impact 2022 бағдарламасы іске қосылады, оның қатысушылары өздерінің кәсіпкерлік дағдыларын арттырып, өз жобаларының импакт дәрежесін нығайта алады, сондай-ақ идеяларды іске асыру немесе әрекет ететін бизнесті кеңейту үшін гранттарға қол жеткізе алады. Өткен жылдағыдай Қор команда құрамына кез келген адам кіре алатын қағидатты пайдалана отырып, бағдарламаға қатысушылар аясын кеңейтеді, мұнда көшбасшы НУ қауымдастығының өкілі немесе НЗМ түлегі болып табылады. Өтінімдерді жинау тұрақты негізде ашық іске асырылады деп жоспарланады, бұл ретте қаржыландыруды қарау және іріктеу жылына кемінде екі рет өткізілетін болады. Қатысу шарттары мен егжей-тегжейлі ақпарат жақын арада Қордың сайтында ұсынылатын болады.