Ұқсас жаңалықтар:

JAS Social Impact аясында көптен күткен JAS Camp ашылу рәсімі өтті

2021 жылдың 31 қазанында JAS Camp бағдарламасының ашылуы өтті, ол НУ қоғамдастығы мен НЗМ түлектері арасында импакт кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры өткізген JAS Social Impact байқауының қорытынды кезеңі болды. Ішкі және сыртқы бағалау қорытындысы бойынша іріктеуден өткен JAS Social Impact конкурсын гранттық қаржыландыруға өтінім берген 15 команда кэмп қатысушысы болды.

Іс-шара барысында Қордың басқарушы директоры Өтешова Анар Әбітайқызы құттықтау сөз сөйлеп, Jas Camp-ты Назарбаев Университеті тарихының жаңа парағы деп, бағдарламаның бірегейлігі мен құндылығын атап өтті. Сондай-ақ, ашылу барысында қатысушылар өздерінің болашақ тәлімгерлерімен – нақты кәсіпкерлермен танысты, олар 6 апта ішінде әр командаға қолдау көрсетеді.

Бірінші модуль эмоционалдық интеллект және шешендік өнер бойынша үздік сарапшылардың бірі болып табылатын Жанна Ибраеваның жетекшілігімен басталды. Кэмп қатысушылары EQ саласында әртүрлі инсайттар алды, көпшілік алдында сөйлеген кезде қалай және нені пысықтау керектігін түсінді, модуль бойы эмоционалдық шкала бойынша өз эмоцияларын бақылап отырды. Кэмп қатысушыларының өздері бөліскендей, бұл оларға коммуникациядағы мықты жақтарын анықтауға және ішкі уәждемені түсінуге көмектесті.

Бағдарламада барлығы 6 модуль болады: жеке даму, дизайн-ойлау, әлеуметтік импакт, қаржы, менеджмент, маркетинг және сату. Модульдердің әрқайсысының арқасында қатысушылар инклюзия, халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру, экология және денсаулық сақтау мәселелерін шешу саласындағы жобаларды іске асыру бойынша өз идеяларын нығайтып, олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады.

JAS Camp арқасында командалар өздерін және дизайн идеяларын жақсартуға тамаша мүмкіндік алады. Жұмыс интерактивті пікірталастар, тренингтер, топтық жұмыс және менторлармен жұмыс сияқты, әртүрлі қызықты форматтарда өтеді, бұл барлық қатысушылардың қарқынды әрі жемісті жұмысына кепілдік береді. Бағдарламаның ұзақтығы – 6 апта. Жобаның әр аптасы жаңа модульді қамтиды.

JAS Camp қорытындысы бойынша, барлық командалар жобаның тұсаукесерін өткізеді және Қор басшылығы әр жобаға 5 миллион теңгеге дейін қаржыландыруға ие болушыларды іріктеп алады.